Жаңалықтар

Таразда ҚХА мүшелеріне қошемет көрсетілді

Таразда ҚХА мүшелеріне қошемет көрсетілді
31.12.2019 14:11 2400

Жамбыл облысының әкімі, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы Асқар Мырзахметов аймақтағы этномәдени бірлестік төрағаларымен кездесіп, қоғам белсенділерін марапаттады.

Кездесу барысында Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының қоғамдық орынбасары Юрий Минаков облыстық ҚХА мүшелері мен этномәдени бірлестіктерінің қызметі туралы есебі тыңдалды.

Таразда ҚХА мүшелеріне қошемет көрсетілді

«Біздің облыста 87 этнос пен этностық топтардың өкілдері тұрады. Өңірде 75 этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Биылғы жылы 34 этномәдени бірлестік аккредиттеуден өтті және Қазақстан халқы Ассамблеясының тізіміне енгізілді. Сонымен қатар үстіміздегі жылы этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен белсенділері қайырымдылық бойынша үлкен жұмыстар атқарды. Олардың арқасында 6 мыңнан астам адам қажетті көмек алды. Оның ішінде Арыс тұрғындарына да қомақты көмек көрсетілді», - деді қоғамдық орынбасар өз сөзінде.

Кездесу барысында аймақтағы ассамблеяның Аналар кеңесінің атқарған жұмысына Кеңес төрайымы Мухаббат Миражапова өз баяндамасындакеңінен тоқталды.

«Жамбыл облысы ҚХА жанындағы Аналар кеңесі 10 мыңнан астам адамның қатысуымен 169 іс-шара ұйымдастырды. Облыстық полиция департаментімен бірлесіп оқу орындарында балалардың беймезгіл уақытта жүруін анықтау бойынша ағымдағы жылы 18 рейд өткізіп, 11 мектепте 14 панасыз баланы анықтап, одан әрі тиісті құжаттарды рәсімдеу әрекеттерін жүргізді. Аналар кеңесінің мүшелері Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Отбасылық сот» пилоттық жобасының құрамына кірді. Аналар кеңесі 28 отбасылық сот отырысына қатысып, нәтижесінде 19 некенің сақталуына әрекет жасады», - деді өз есебінде М. Миражапова.

Кездесу соңында марапаттау рәсімі өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалімен» қоғамдық медалімен Жамбыл облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы Аналар кеңесі төрағасының орынбасары Сара Дауызова мен «Жамбыл облыстық өзбек этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Гулам Умаров марапатталды.

Таразда ҚХА мүшелеріне қошемет көрсетілді

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жомарт жан» төсбелгісімен Жамбыл облысы «Немістер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Ирина Соколовская мен «Жамбыл облыстық өзбек этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бахром Муминов марапатталды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының Құрмет грамотасын Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының жетекшісі Хамида Турдыева мен «Еңбекші» республикалық салалық кәсіподақ газетінің тілшісі Наталья Перфильева иеленді.

Қазақстан халқы Ассамблеясының Алғыс хаты Жамбыл облыстық «Шиват Цион» этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Михаил Бунин мен «Вайнах» Жамбыл шешен-ингуш мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Рамзан Магомадовқа табысталды.

Облыс әкімінің «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісімен Қазақстан Республикасы «Барбанг» күрділер ассоциациясының қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Латиф Айдаров, «Жамбыл облысының немістер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің президенті Александр Гибнер, «Хазар» әзербайджан этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Асабали Пойлиев, Тараз қаласы өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Абдурахман Зайнутдинов, Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Рахмеджан Джанабаев марапатталды.

Таразда ҚХА мүшелеріне қошемет көрсетілді

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға