Жаңалықтар

Таныс болыңыздар: ұлттық құндылықтарды дәріптеуші атыраулық «Сармад» этно-фольклорлық ансамбль

Таныс болыңыздар: ұлттық құндылықтарды дәріптеуші атыраулық «Сармад» этно-фольклорлық ансамбль
29.01.2019 12:07 3710

Еліміздің барлық өңірлерінде Қазақстан халқы Ассамблеясының Ұлы даланың дәстүрлеріне негізделген 2019 жылға арналған «Қайырымдылық керуені» атты қайырымдылық акциясы бастау алған болатын. 

Осы акция аясында ұлттық санамыз бен салт-дəстүріміз, мəдениетіміз бен өнерімізді, жалпыұлттық құндылықтарымызды дәріптеп жүрген Атырау облысы «Елсана» руханият клубының белсенді мүшелері, үш мəрте халықаралық конкурстардың жеңімпазы, Елбасының батасын алған «Сармад» этно-фольклорлық ансамблі туралы сөз қозғағанды жөн көріп отырмыз.

Бүгінде Қазақстанның көптеген аймақтарында өз өнерлерімен жұршылықты тәнті етіп жүрген «Сармад» этно-фольклорлық ансамблі қазақ халқының көне ұлттық аспаптары – адырна, жетіген, ұрмалы-соқпалы аспаптарда тамаша өнер көрсетеді. Ансамбльдің көркемдік жетекшісі – Бауыржан Ақтаев домбыраның құлағында шерте ойнаса, ансамбльдің мүшелері Ержанова Айтолқын адырна аспабында,  Зинор Нұрай жетіген аспабында,  Сұлтанғалиев Руслан ұрмалы-соқпалы аспаптарда, Нәбиева Айгерім  қобызда, Айгерім Құсайынова қылқобызда шебер орындайды.

Елбасы «Қазақ елінің ұлттық идеясы - Мәңгілік ел» деп атап көрсеткеніндей, өз ұлттық құндылықтарымызды сақтағанда ғана мәңгілік ел бола аламыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға