Жаңалықтар

Талдықорғанда облыстық ҚХА жайлы баяндайтын кітаптың тұсаукесері өтті

Талдықорғанда облыстық ҚХА жайлы баяндайтын кітаптың тұсаукесері өтті
08.02.2019 11:33 1850

Талдықорған қаласындағы Достық үйінде облыстық Ассамблеяның қызметіне арналған кітаптың таныстырылымы өтті.

Облыстық Ассамблея төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғабит Тұрсынбайұлы өз сөзінде

Есімдері кітапқа еңген «Ұлағат» ақсақалдар кеңесінің төрағасы С.Гаитова, «Жаңғыру жолы» аймақтық штабының төрағасы Р.Усанова аталмыш кітаптың маңыздылығы жайлы айтып, ризашылықтарын білдірді.

Таныстырылым рәсімінде кітаптар аудан, қалалар оқу орындары мен кітапханаларға, мұражайларға тарату үшін ішкі саясат бөлімдерінің басшыларына, облыстық С.Сейфуллин атындағы әмбебап кітапханасының қызметкерлеріне табысталды.

Аталған шара этномәдени бірлестіктерді акредиттеу жайлы семинармен жалғасты. Оның барысында облыстық ҚХА хатшылығының бас маманы С. Сурабалдинова аккредиттеу жайлы басты құжаттар және ережелермен таныстырып өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға