Жаңалықтар

Талдықорғанда ҚХА жетекші журналистер мен сарапшылар клубының дөңгелек үстелі өтті

Талдықорғанда ҚХА жетекші журналистер мен сарапшылар клубының дөңгелек үстелі өтті
30.05.2019 16:49 2567
Талдықорған қаласының Достық үйінде саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Тарихқа тағзым» акциясы аясында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы жетекші журналистер мен сарапшылар клубының дөңгелек үстелі өтті.

IMG_3903.JPG

Шара барысында 31 мамыр – қуғын-сүргін құрбандарын еске алу Күнін ұйымдастырып, өткізу бойынша БАҚ-тың рөлі туралы облыстық «Огни Алатау» газетінің бас редакторы Атсалим Идигов баяндама жасап, Тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматы мен өскелен ұрпақ үшін жазықсыз құрбан болған халқымыздың ардақты ұл-қыздарын еске алу қасиетті парыз екенін атап өтті.
Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының бас маманы Әбілқайыр Оралов этножурналистика саласындағы «ШАҢЫРАҚ - 2019» шығармашылық байқауының осы жылғы ережесімен таныстырып өтті.

IMG_3920.JPG

Отырыс қорытындысында ҚХА жұмысын насихаттап, газет беттерінде этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді нығайту мақсатында арнайы рубрикалары бар газеттер ұжымы алғыс хаттармен марапатталды.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға