Жаңалықтар

«Тәуелсіздік дәуірі» кітабының негізінде конференция

«Тәуелсіздік дәуірі» кітабының негізінде конференция
31.03.2018 11:24 2168

30 наурызда М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы және  Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ ғылыми-сараптамалық тобы мүшелерінің ұйымдастыруымен аталған білім ордасында Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының негізінде «Тәуелсіз Қазақстан халқын біріктіруші басты фактор - ұлттың бірегейлігі мен бірлігін нығайту» тақырыбында облыстық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Аталған конференцияға облысымыздың атақты ғалымдары мен танымал қоғам қайраткерлері, ТарМУ профессорлық-оқытушылар құрамы, «Жоғары оқу орындарының тәрбие бөлімі» қызметкерлері, «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының және  «Қоғамдық келісім» КММ ғылыми сараптамалық тобының мүшелері, ЭМБ өкілдері, магистранттар, студенттер және БАҚ өкілдері шақырылды.

Конференция модераторыТарМУ, «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі, Жамбыл облысы ҚХА ғылыми сараптамалық тобының төраға орынбасары, философия ғылымдарының кандидаты, доцент Мамедова Парида Иманжанқызы конференцияны ашып, жүргізіп отырды.

Тәуелсіздік алғаннан бері ел бірлігі мен бейбітшілігі басты құндылығына айналған Қазақстан Республикасы заманауи демократиялы мемлекет ретінде танылды. Мемлекетте жалпы ұлтаралық құндылықтарға, этностардың тілі мен дініне, мәдениетіне бағытталған қазақстандық азаматтардың бірлігіне негізделген саяси-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, мәдени, адамгершілік тұрғыдан барлық жағдай қарастырылған. Нақты мақсаттарға жету барысында билік пен азаматтар арасындағы байланысты орнатуға негізделген мемлекеттің стратегиялық даму бағдарламаларын қолдайтын азаматтық қоғам қалыптасып, дамуда.

Қазақстандық қоғам дамуының басты факторы – Қазастандағы этнос пен конфессияаралық бірлікті дамытатын ұлттың бірегейлігі мен бірлігі. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылы шыққан «Тәуелсіздік дәуірі» кітабында осы мәселеге ерекше көңіл бөлінген.

 «Ұлттық бірегейлік пен бірлігін нығайту – Тәуелсіз Қазақстанның басты біріктіруші факторы» және Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының негізінде ТарМУ бірқатар ПОҚ баяндамаларын оқыды:

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру» факультетінің деканы, з.ғ.к., доцент Абдукаримова Зауреш  ««Тәуелсіздік дәуірі» кітабы – Тәуелсіз Қазақстанның даму жолының айнасы ретінде», «Философия және саясаттану» кафедрасының меңгерушісі, ҚХА ҒСТ мүшесі, ф.ғ.к., доцент Кульбаева Дина  «Қоғамдық сананы жаңғырту аясындағы бейбітшілік саясаты мен келісім эволюциясы», жас ғалымдар Кеңесінің төрағасы, «Сәулет және құрылыс» кафедрасының доценті, ҚХА ҒСТ мүшесі, PHD докторы Молдамуратов Жанғазы «Жастарға сенім – болашаққа деген инвестиция», «Философия және саясаттану» кафедрасының аға оқытушысы, ҚХА ҒСТ мүшесі Баярисов Режеп «Ұлттық бірегейліктің бастауы – ұлттық тілдің тазалығы» және Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ ғылыми сараптама бөлімінің жетекшісі, Жамбыл облысы ҚХА ҒСТ мүшесі, филология магистрі Тапаева Альбина «Н.Ә.Назарбаевтың қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің қазақстандық үлгісі негізінде сәйкестілік мәселелерін шешудегі мемлекеттің саясаты».

Конференцияға қатысушылар кітаптағы жоғары саяси маңызы мен мазмұны терең оқиғаларды: бейбітшіліктің қадір-қасиетін, біртұтас әрі күшті ұлт қалыптастырудың негізі бірлік пен келісім екендігін түсіндіріп берген іс-шараға зор алғысын білдіріп, ел дамуының әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуындағы жастардың үлесі және Қазақстанның болашақ жас ғалымдарының прагматикалық және бәсекеге қабілетті болатындығына үлкен сеніммен қарайтындығы жайында өздерінің ойларымен бөлісті.

Конференцияны қорытындылай келе Мамедова Парида, Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының төрт бөлімінде де көрініс тапқан, Қазақстан халқының бірлігі мен бірегейлігін сақтауда, нығайтуда ҚХА-ның рөлінің ерекше маңызды екендігін айтты. Сонымен қатар этностардың ұлттық коды және сана жаңғыруындағы жалпы ұлттық бірегейліктің қалыптасу өлшемдері туралы құнды ойларымен бөлісіп, қорытындылады.

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға