Жаңалықтар

Солтүстікқазақстандық этномәдени орталықтар Тәуелсіздік күнін үлкен мерекелік концертпен атап өтті

Солтүстікқазақстандық этномәдени орталықтар Тәуелсіздік күнін үлкен мерекелік концертпен атап өтті
12.12.2018 01:08 2202

Еліміздің маңызды мерекелерінің бірі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Солтүстік Қазақстан облыстық (СҚО) Қазақстан халқы ассамблеясының (ҚХА) еврей, «Світанок» украин мәдениет орталықтары, «АРСК» заңды тұлғалар бірлестігінің филиалы мен Петропавл қаласының мәдениет үйі бірлесіп облыс тұрғындарына бірқатар мерекелік концерт ұйымдастырды.

Қазақстан халқын өзге ұлттар мәдениетімен, тарихымен, тілімен, салт-дәстүрлерін таныстыру үшін осындай мерекелерге түрлі мәдени орталықтардың қатысуына зор мән береді. Қазақ, өзбек, евреи, украин ұлттық билері мен Отан туралы әндері көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

СҚО ҚХА хатшылығының меңгерушісі Наиль Салимов және этномәдени бірлестіктердің төрағалары концертке жиналған қауымға алғыстарын білдіріп, ассамблея мүшелерін алғыс хаттармен марапаттады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға