Жаңалықтар

Өскеменде теңізшілер мен саяхатшыларға қамқоршы Николай Чудотворецке арналған мереке аталып өтті

Өскеменде теңізшілер мен саяхатшыларға қамқоршы Николай Чудотворецке арналған мереке аталып өтті
26.12.2019 18:50 2134

Қазак халқы ертеден діни мерекелерін атап өтуді дәстүрге айналдырған. Мысалы, Николай Чудотворецтің құрметіне арналған «Никола зимний» мерекесі соның дәлелі.

Өскеменде теңізшілер мен саяхатшыларға қамқоршы Николай Чудотворецке арналған мереке аталып өтті

Өскемендегі Достық үйі-Қоғамдық келісім орталығында казак этномәдени бірлестігі аталған мерекені көңілді атап өтті. Шығармашылық ұжымдар ұлттық әндер айтып, халық фольклорының бай мұрасын көрсетті. Казак этносының тарихы баяндалып, әйел адамның бейнесіне ерекше тоқталды. Себебі, казак халқында әйел – үйдің ұйытқысы ғана емес, қолына қару алып, Отан қорғаған батыл тұлға. Сондықтан әйел затын казактар ерекше құрметтейді.

Іс-шарада басқа этномәдени бірлестіктер өнер көрсетіп, әріптестеріне қолдау танытты. Атап айтқанда орыс, украин, беларусь және басқа да шығармашылық ұжымдар жиналғандарды ән мен биге бөледі. Сол арқылы мерекеде бірлік пен достық орнап, жиналған жұрт жайдары көңіл-күймен қайтты. Ұйымдастырушылар барлық қатысушыларды алғыс хаттармен марапаттады.

Өскеменде теңізшілер мен саяхатшыларға қамқоршы Николай Чудотворецке арналған мереке аталып өтті

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға