Жаңалықтар

Өскеменде қоғам қайраткерлері ҚХА «Бірлік» медалімен марапатталды

Өскеменде қоғам қайраткерлері ҚХА «Бірлік» медалімен марапатталды
05.03.2019 12:35 2171

Өскеменнің Достық үйі-Қоғамдық келісім орталығында Алғыс айту күні кеңінен аталып өтті.

Мерекелік шарада облыс әкімінің орынбасары Ә. Нүсіпова сөз сөйлеп, Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне қатысты.

Мереке қонақтары мен қатысушыларына облыстық тарихи өлкетану мұражайының көрмесі ұйымдастырылды. Көрме Қазақстанға қоныс аударылған корей, неміс, шешен халықтардың өкілдеріне арналды.

Облыстық А.С. Пушкин атындағы кітапханасы тарихтан сыр шертетін әдеби туындыларды көрмеге ұсынды. Сонымен қатар, танымал шебер, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Асылбай Абылайханның жасаған бірегей бұйымдары шара қонақтарының қызығушылығын тудырды.

Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға, бейбітшілік пен келісімді сақтауға, рухани мәдениетті дамытуда қосқан үлесі үшін салтанатты шарада Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медальдарымен танымал ғалым, биология ғылымдарының кандидаты, «Шығыс Қазақстан-Еуразия жүрегі» монументалды шығармасының авторы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Өскемен және Хошимин (Вьетнам) қаласының Құрметті Азаматы Щербаков Борис Васильевич және Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Нұрғазиев Асқар Қисаұлы марапатталды.

Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ұлттық бірлік және келісім - Рухани жаңғыру негіздері» облыстық байқауының жеңімпаздары дипломдармен және ақшалай сертификатпен марапатталды.

Іс-шара соңы Алғыс күніне арналған мерекелік концертке ұласты.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР: 

 

 

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚТАРЫ МЕН МӘДЕНИЕТТЕРІ ТУРАЛЫ КІТАП ҚЫТАЙ ТІЛІНЕ АУДАРЫЛДЫ

ШҚО ЭТНОМӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫ АЗ ҚАМТЫЛҒАН ОТБАСЫЛАРЫНА КӨМЕК БЕРДІ

ШҚО ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІЛЕРІ: ЖОЛДАУ БІР МҰРАТҚА БАҒЫТТАЛҒАН – ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ДЕҢГЕЙІН КӨТЕРУ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға