Шығысқазақстандықтар Жастар жылының ашылу рәсімін тікелей эфирден көрді

24.01.2019 556

23 қаңтарда Өскемендегі Достық үйі - қоғамдық келісім орталығында ШҚО ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының, ШҚО ҚХА жастар лигасы, «Бірлік» жастар клубының өкілдері және өңірлік жоғары оқу орындарының студенттері Жастар жылының ашылу салтанатты рәсімін тікелей эфирден тамашалады. 

2019 жылы жастарға, мыңдаған жас мамандарға, университеттер мен колледж түлектеріне арналған көптеген бағдарламалар және жаңа мүмкіндіктер ашылуда. 
«Президенттің бастамалары нақты уақыт талаптарына сәйкес келетініне сенімдімін. Біздің еліміздің жас ұрпағы үшін білім беру, еңбек нарығы, даму және ақпараттық технологиялар мәселелері ерекше маңызға ие. Мен еліміздің патриоты ретінде Президенттің жастармен кездесуі кезінде айтылған бастамаларына қолдау білдіремін», - деді ШҚО ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының төрағасының орынбасары Асан Рахметолла.

Ұқсас материалдар