Шаймардан Нурумов: Президентті анықтау – халық тағдырын айқындайтын маңызды іс

09.04.2019 699

Қазақстан Республикасының Президентін кезектен тыс сайлауын осы жылдың 9 маусымында өткізу туралы шешім – өз уақытында қабылданған тарихи шешім.

Қазақстан Республикасының Президентін кезектен тыс сайлауын осы жылдың 9 маусымында өткізу туралы шешім – өз уақытында қабылданған тарихи шешім.

Өйткені ел тарихында мемлекет басшысын сайлау, оны әділ де ашық өткізу арқылы қоғам дамуының қалыпты жағдайда жалғасын табуына арқау болатыны баршаға белгілі. Елімізде тұрақтылық пен келісімнің үндестік табуы да, экономикамыздың өрлеуі де, Қазақстанның гүлденіп әлемге танымал елге айналуы да Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жүргізген салиқалы да салмақты саясатының жемісі болды. Міне, осы үрдіс өз деңгейінде жалғасын табу үшін биылғы жылы Президент сайлауын жоғары деңгейде өткізуге әрбір азамат атсалысуы қажет.

Президентті анықтап, билік тізгінін ұстату – жауапкершілігі зор, халық тағдырын айқындайтын өте маңызды іс.

Әлемде болып жатқан өзгерістер, күнде мың құбылған геосаяси жағдайлар біздің еліміздің тұрғындарынан бір жеңнен қол шығарып, бір жағадан бас шығарып, бір үйдің балаларындай ұйымшылдықпен алға қарай бірге қозғалуын, қимылдауын талап етеді.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халыққа үндеуінде: «Еліміздің келешегі, әр отбасы мен әр азаматтың тағдыры Сіздердің шешімдеріңізге тікелей байланысты», – деп  халқына, яғни сіз бен бізге толық сенім мен міндет артты.

Ауызбіршілігі мығым елдің ала алмайтын асуы, аса алмайтын белі болмайтыны әрбіріміз білетін өмір қағидасы. Соны басшылыққа алып, бір-бірімізбен қол ұстасып, бір ұранды, бір бағытты ұстанып кемел келешекке бірге аттанайық, ағайын!  

Шаймардан Нурумов,

Қазақстан Республикасы

Парламентінің Мәжіліс депутаты 

Ұқсас материалдар