Жаңалықтар

ШҚО-да 12 жыл бұрын алғаш рет балалардың Шағын Ассамблеясы ашылды

ШҚО-да 12 жыл бұрын алғаш рет балалардың Шағын Ассамблеясы ашылды
05.11.2019 16:51 2144

Шығыс-Қазақстан облыстық «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы» Өскемен қаласындағы №38 мектеп-гимназияның 55 жылдық мерейтойына қатысып, құттықтап қайтты.

Жарты ғасырдан астам уақыт ішінде білім ордасы интеллектуалды, мәдениетті, шығармашыл шәкірттерді тәрбиелеп шығарды. Сан ұрпақты тұлға ретінде қалыптастырып, өмір атты теңізге нық сеніммен жолдама берді.

ШҚО-да 12 жыл бұрын алғаш рет балалардың Шағын Ассамблеясы ашылды

Мерейтойды мектеп ұжымы кең көлемде атап өтті. Қуанышты бөлісуге түлектер, ардагер ұстаздар, түрлі мекеме өкілдері келді. Мектеп оқушыларының қатысуымен мерекелік концерт өтті.

ШҚО-да 12 жыл бұрын алғаш рет балалардың Шағын Ассамблеясы ашылды

«Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы» аталған мектепті құттықтап келуі бекерден емес. Себебі, екі мекеме арасында тығыз, әрі достық қарым-қатынас орнатылған.

ШҚО-да 12 жыл бұрын алғаш рет балалардың Шағын Ассамблеясы ашылды

Инновациялық технологиялар мен жаңашылдыққа әуес мектеп қабырғасында осында 12 жыл бұрын алғаш рет балалардың Шағын Қазақстан халқы Ассамблеясы ашылып, бірнеше жыл жас ұрпақ тәрбиесіне елеулі үлес қосып келеді. Жас ұрпақ бойына ұлттар арасындағы толеранттылық пен ынтымақтастықты дәріптеу Шығыс Қазақстан жеріндегі тұрақтылықтың кепілі екені сөзсіз, дейді мерекелік шараны ұйымдастырушылар.

ШҚО-да 12 жыл бұрын алғаш рет балалардың Шағын Ассамблеясы ашылды

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға