Жаңалықтар

Серіктестік туралы меморандумға қол қойылды

Серіктестік туралы меморандумға қол қойылды
01.06.2018 01:53 2358

28 мамыр күні Жамбыл облысында Қырғыз Республикасы Талас облысының Жамбыл облысындағы күндері өтті.Қырғыз елімен арадағы кездесу аясында шекаралас Республикалар мен көршілес өңірлер арасындағы  ынтымақтастықты және серіктестікті  нығайту бойынша келісімшарттарға қол қою рәсімі жүзеге асты. 

Қығыз делегацияларды күтіп алу шарасы  «Айша бибі» бекетінен бастау алып,  Жамбыл және Талас облыстарының   халықаралық ынтымақтастық пен бизнес-қоғамдастық арасындағы серіктестік қатынастарды орнату үшін  Достық үйінде дөңгелек үстел өткізілді.

Мұндағы кездесу барысында В2В өнеркәсіптік өнімнің экспортын орнату  іс-шаралары  және әрі қарай серіктестік мәселелері қарастырылды.

Тараз шаһарына табан тірегенайыр қалпақты ағайындар облыстың тауар өндіруші өнеркәсіптік және ауылшаруашылық өнімдерінің көрмесін тамашалады. Жамбыл өнеркәсіптері ауқымды түрде аяқ-киім, тоқыма және жеңіл өнеркәсібінің басқа да өнімдерін, сонымен қатар құрылыс материалдарын, энергоүнемді шамдардың  ауқымды ассортименттерін, аграрлық секторының былғары, сүт және шұжық  өнімдерін ұсынды.

 Кездесу барысында Жамбыл облысының  әкімі Асқар Мырзахметов пен Қырғыз Республикасы  үкіметінің Талас облысындағы өкілетті өкілі Марат Мураталиев ынтымақтастық  туралы меморандумға қол қойды. Сондай-ақ, ауылшаруашылығы және су бөлісу салаларындағы іс-қимыл сияқты мемлекетаралық маңызды мәселелер қаралды. Олардың қатарында:

 - Осындай іс-шара Талас облысында ұйымдастырылатын болса бидай, ұн және ет өнімдерін жеткізу;

-  Жамбыл облысынан сиыр етін импорттауға квота бөлу;

 - Жамбыл облысына Талас облысынан жеміс-көкөністердің ерте пісетін өнімдерін жылыжайға жеткізуге көмектесу;

-  Талас облысына бидай, ұн және ет өнімдерін тасымалдау бойынша іс-шараларды ұйымдастыру;

- Талас облысынан Жамбыл облысына жылулық және ерте көктемдік шаруашылық  өнімдерінің түрлерін тасымалдауға көмектесу;

-  Талас өзені туралы  мемлекетаралық су бөлісу бойынша бекітілген кестеге сәйкес Қазақстан Республикасы мен Қырғызстан Республикасының арасындағы су ресурстарын әділ бөлу; 

- Қазақстандағы ауылшаруашылық өнеркәсіптері үшін Кож және Райс каналдары бойынша суару уақытында үзіліссіз су берумен қамтамасыз ету;

 - 1948 жылғы Куркуреусу өзенін бөлу бойынша ережеге   сәйкес, Жамбыл облысы  Жуалы ауданының ауылшаруашылық өнеркәсіптерін  Куркуреусу өзені арқылы Ақмолда, Каратаки және Томентамга  қаналдарын сумен қамтамасыз ету;

Сапардың іскерлік бөлігі аяқталғаннан кейін «Баласағұн» орталық концерт залында «Бірлігіміз жарасқан» атты Жамбыл облысы мен Қырғызстан Республикасы Талас облысы әртістерінің қатысуымен фестивалі өтті.

Сапар соңында қонақтар Жамбыл облысының тарихи-мәдени ескерткіштерімен танысып, 2000 жылдық тарихы бар Тараздың танымы мол өңірлерін аралады.

Мұндай кездесулер шекаралас облыстардың ынтымақтастықтарын одан әрі нығайтады.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға