Жаңалықтар

Семейде жазғы лагерьде демалып жатқан Арыстың мектеп оқушылары Достық үйімен танысты

Семейде жазғы лагерьде демалып жатқан Арыстың мектеп оқушылары Достық үйімен танысты
18.07.2019 15:14 5451

Семей қаласының Достық үйі, Отбасы орталығы мен Семей қаласының Абай атындағы кітапханасы бірлесіп қала маңындағы лагерьде демалып жатқан Арыс қаласының оқушыларымен кездесу ұйымдастырды.

Семейде жазғы лагерьде демалып жатқан Арыстың мектеп оқушылары Достық үйімен танысты

Іс-шара Абай атындағы кітапхананың коворкинг-орталығында экскурсия, ойындар және балалар әдебиетімен таныстыруымен басталды. Отбасы орталығының психологтары ойын-тренинг өткізді.

Семейде жазғы лагерьде демалып жатқан Арыстың мектеп оқушылары Достық үйімен танысты

Достық үйіне кіре берісте «Хак» ҚБ балалары мен жастары қазақ, татар және орыс тілдерінде ән шырқап «Ахау Семей» ҚБ өкілдері қонақтарды дәстүрлі «шашумен» қарсы алды. Кішкентайлар сонымен қатар татар қоғамдық орталығының мұражайымен танысты. Олардың назарына «Бокер» еврей ЭМБ би ұжымының, «Шабыт» студиясының және «Қазақ әлеуметтік-мәдени орталығы «Жастар» қанатының тәрбиеленушілерінің қатысуымен концерт ұсынылды.

Кездесудің шарықтау шегі «Мектепке жол» акциясымен аяқталды, оның барысында жетекшілері Аналар кеңесімен және демеушілермен бірлесіп балаларға мектепке қажет керек-жарақтарын сыйлады.

Семейде жазғы лагерьде демалып жатқан Арыстың мектеп оқушылары Достық үйімен танысты

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға