СҚО ҚХА Ғылыми-сараптамалық тобы Жас ғалымдар клубын құруды ұсынды

24.12.2019 358

Солтүстік-Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының мүшелері жыл бойы Ассамблеясының қызметін әдістемелік қамтамасыз ету бойынша маңызды жұмыстар жүргізуде.

Этносаралық келісім саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысты өзекті мәселелер талқыланатын отырыстар мен кездесулер, дөңгелек үстелдер мен конференциялар өткізіледі.

Сондай маңызды жиынның бірі өткен патада Достық үйінде өтті, оның барысында 2019 жылдың қорытындылары, 2020 жылға арналған жоспарлар талқыланды.


Өткен жылдың негізгі іс-шараларының бірі Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен жыл сайын жүзеге асырылатын қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісіне арналған республикалық ғылыми жобалар байқауы болып табылады.

Отырыс барысында аталған байқаудың нәтижелері талқыланып, оған Солтүстік Қазақстан облысынан жеңімпаздары – «№17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешені» КММ директоры Ләззат Жалмұқанова мен «Радзіма» Солтүстік Қазақстан облыстық белорус мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Мария Татаренко қатысты. Олар өздерінің республикалық байқауға қатысуы, оны өткізу ерекшеліктеріне кеңінен тоөталды. Солтүстікқазақстандықтардың жобалары құрамында ғалымдар мен қоғам қайраткерлері бар білікті қазылар алқасы тарапынан ең жоғары бағаға ие болды.


Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптау тобының төрайымы Алма Мурзалинова отырысты қорытындылай келе, жас ғалымдар, оқытушылар, қоғам өкілдері кіретін Жастар клубын құру туралы ұсыныс жасады. Оның жұмысы ғылыми-сараптамалық топтың қызметін сан алуан етуге, жаңа және креативті идеяларды енгізуге, сондай-ақ маңызды мақсатты - өз тәжірибесімен жас ұрпақпен бөлісуге мүмкіндік береді.

Ұқсас материалдар