Жаңалықтар

СҚО «Қазақтану» мектебі - басқа аймақтарда теңдесі жоқ жалғыз жоба

СҚО «Қазақтану» мектебі - басқа аймақтарда теңдесі жоқ жалғыз жоба
11.10.2018 04:36 1763

Солтүстік Қазақстан облысындағы «Қазақтану» мектебі – басқа аймақтарда теңдесі жоқ жалғыз жоба.

Бұл мектеп өзге ұлт өкілдері қазақ халқының мәдениетіне жақын болуы үшін ұйымдастырылған.

Ойындар, тренингтер, шеберлік сыныптары дәстүрлі емес сабақтарды өткізу нысаны болып табылады, олардың мақсаты – Қазақ халқының салт-дәстүрлерімен, ұлттық тағамдары мен мәдениетімен, өнері мен тілімен тығыз танысу.

 «Ас дәмді болсын!» сабағы аясында «Қазақтану» курсының тыңдаушылары Петропавл қаласында тұратын және қымыз дайындаумен танымал Абаевтардың отбасында болды.

Қымыздың керемет қасиеттері туралы бұрыннан белгілі. Қазақ, қырғыз, башқұрт, қалмық арасында қымыз үлкен құрметке ие. Хош иісті қымызды құрметті қонаққа бере отырып, иесі оған құрмет көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар денсаулық пен ұзақ өмір сыйлайды.

Сабақ барысында тыңдаушылар қымыз дайындау тәсілдерімен, құрал-саймандарды өңдеуге қажетті құралдармен танысты, сондай-ақ жаңа дайындалған сусыннан дәм татты.

Үй иесі биенің сауын рәсімі туралы айтып, оны қалай дұрыс жасау керектігін көрсетті. Барлық қатысушылар процесті қызығушылықпен тамашалады.

«Қымыз қалай жасалатыны маған әрдайым қызықты болды. Мен қымыз дайындау рәсімі сиырларды сауу сияқты деп ойладым. Бірақ бұл рәсім бірегей болып шықты, бұл шын мәнінде нағыз еңбек», - деп «Коперник» облыстық поляк мәдени орталығы төрағасының орынбасары Валентина Корнева өз ойымен бөлісті.

Кездесу соңында үй иесі – ақсақал «бата» беріп, қонақтарға жылы лебіздерін білдірді.

Келесі сабақта курс тыңдаушылары «Ұлттық ойындармен танысайық!» сабағы аясында, «Тоғыз құмалақ», «Асық» ұлттық ойындармен танысып, өз күштерін сынап көреді.

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға