Жаңалықтар

СҚМУ «ҚХА» кафедрасы «Қазақтану» лекториясы аясында қазақ ұлттық тағамдарының шеберлік сыныбын ұйымдастырды

СҚМУ «ҚХА» кафедрасы «Қазақтану» лекториясы аясында қазақ ұлттық тағамдарының шеберлік сыныбын ұйымдастырды
18.03.2019 03:45 1876

Кез-келген халық мәдениетінің бастауын білу үшін оның ұлттық тағамдарымен танысу керек, өйткені асты дайындаудағы артықшылық адамның өмір сүру ерекшеліктерімен, тұрмыс салттарымен, салт-дәстүрлермен тікелей байланысты.

«Ас - адамның арқауы» жобасын жүзеге асыру мақсатында М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы «Қазақтану» білім беру интерактивті лекториясы аясында қазақ ұлттық тағамдарының шеберлік сыныбын ұйымдастырды.

Іс-шара екі бөлімнен тұрды: теориялық – «Ұлттық тағамдар қазақ ұлттық кодының бөлігі ретінде» және практикалық – «Қазақ ұлттық тағамдарының тұсаукесері».

Шара барысында университет студенттері бешбармаққа, лағманға арналған қамыр жайманы дайындау технологиясымен таныстырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға