Петропавлда «Рождестволық кездесулер» өтті

25.12.2019 355

Петропавлда «Видергебурт» Солтүстік Қазақстан облыстық неміс мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі «Рождестволық кездесулер» жаңа жылдық мереке ұйымдастырды.


Ол ересектер мен балалар үшін екі күн тойланды. Бірінші күні орталық белсенділері шақырылды.

Алдымен барлық қонақтар мерекенің тарихымен, дайындық ерекшеліктерімен, салт-дәстүрлерімен таныстырылды.

Шыршаны безендіру дәстүрі Германиядан келген. Қазіргі уақытта Рождество мен Жаңа жыл ілесе жүретін бұл көңілді әдет өз бастауын ежелгі германдық тайпалардың мәңгілік жасыл ағаштардың ұшында тұратын рухтарды өзіне аудару үшін ағаштарды безендіру сияқты ескі наным-сенімнен алады-мыс.

Ғасырлар бойы сақталған дәстүрлі әдет-ғұрыптардың бірі - глювайн (глинтвейн) дайындау. Бұл суық қысқы кештерде жақсы жылытатын сергіткіш ыстық сусын. Осылай, мереке қонақтары үшін глювайн дайындау бойынша шеберлік сыныптары ұйымдастырылып, барлық қатысушылар оның талғамды дәмінен ләззат алды, сондай-ақ нағыз Рождестволық піспенаннан ауыз тиді.

Сонымен қатар мереке барысында Рождество мерекесіне арналған зияткерлік-танымдық викторина өтті. Барлық қатысушылар тәтті сыйлықтар ала отырып, сұрақтарға қуана жауап берді.

Достық үйінде барлық қонақтар өзіндік қайталанбас тарихы, өз өмірі бар түрлі рождестволық әндерді шырқады.


Нағыз мереке мен ғажайыптармен байланыстырылатын Аяз атасыз немесе немістер атағандай Санкта-Николауссыз (Әулие Николай) қандай мереке болмақ! Санкт-Николаус барлық қонақтарға рождестволық сыйлықтарды табыс етіп, бақыт, денсаулық және барлық армандардың орындалуын тіледі.

Балалар Рождество мерекесін ерекше асыға күтеді. Оларда бұл мереке ғажайыптармен, сыйлықтармен және тәтті тағамдармен байланыстырылады. Осының барлығы балаларды Достық үйінде екінші күнгі мерекеде күтті. Аниматорлар байқаулармен, ойындар мен билермен қызықты бағдарлама ұйымдастырды. Әрине, мерекеге Аяз ата да келді, ол жаңа байқаулар мен сайыстарды ойлап тауып, балалармен бірге көңіл көтерді.

Ұлдар мен қыздар шыршаны айнала шеңберге тұрып, хороводта жүріп көңілді рождестволық әндер шырқады.

Мереке соңында барлық балаларға рождестволық піспенан түрінде тәтті сыйлықтар үлестірілді.


Ұқсас материалдар