Жаңалықтар

Петропавлда Аналарға арналған бал ұйымдастырылды

Петропавлда Аналарға арналған бал ұйымдастырылды
28.11.2019 10:35 1765

Солтүстік Қазақстан облыстық «Коперник» поляк мәдени орталығы Bal dla Mamusi (Аналар үшін бал) өткізді. Бұл іс-шара барлық әйелдерге, аналарға және болашақ аналарға, әжелерге арналған. Бұл күні оларға алғыс сөздер айтылып, құрмет көрсетілді.

Залға тек ханымдар ғана емес, мырзалар да жиналды. Олар полонездің дыбыстарымен залға кірді. Қонақтарды «Коперник» поляк орталығының төрағасы Анатолий Крашевский қарсы алып, қонақтарға Польшада және басқа елдерде Ана күнін мерекелеу дәстүрі туралы әңгімеледі.

Петропавлда Аналарға арналған бал ұйымдастырылды

Мерекеге тек польша орталығының өкілдері ғана емес, сонымен қатар қазақ, орыс, татар, неміс, армян, белорус, украин этномәдени бірлестіктердің өкілдері жиналды. Сондай-ақ, Көкшетау қаласынан қонақтар, католик шіркеуінің өкілдері де қатысты.

Петропавлда Аналарға арналған бал ұйымдастырылды

Іс-шара қызықты шығармашылық нөмірлермен, құттықтаулармен, балалардың аналарына арналған бейне үндеулерімен сүйемелденді. Поляк этносының танымал тұлғаларына арналған викторина ұйымдастырылды және жеңіс үшін қатысушыларға бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Шай басында мереке қонақтары өз аналары туралы айтып, өмір оқиғаларымен бөлісіп, бір-бірін құттықтады.

Петропавлда Аналарға арналған бал ұйымдастырылды

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға