Жаңалықтар

Павлодарлық беларустар құстар қайтып, көктем келетін «Гуканне вясны» мерекесін қарсы алды

Павлодарлық беларустар құстар қайтып, көктем келетін «Гуканне вясны» мерекесін қарсы алды
01.04.2019 04:01 3789

Павлодарда Беларусь этномәдени бірлестігі «Гуканне вясны» мерекесін қарсы алды.

Көктемді шақыру мағынасына ие бұл мерекеде белорус халқы дәл осы уақытта құстар қайтып, көктемді өз қанаттарына алып әкеледі деп сенеді. 

Аталмыш мерекеге орай, Павлодар облысы бойынша Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Сейсембай Жетпісбаев пен облыстық Беларусь этномәдени бірлестігінің төрайымы Людмила Богнат құттықтау сөз сөйлеп, әр үйге жайлылық пен амандық тіледі. 

Сонымен қатар Сейсембай Жетпісбаев Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенконың Беларусь этномәдени бірлестігіне арнайы жолдаған құттықтау хатын салтанатты түрде табыс етті.

Мерекелік кеште Қ. Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің балалары көктем туралы өлеңдер оқып, «Крыницы», «Жаураначек», «Пралески», «Надзея», «Падарунки» және «Зорачка» ансамбльдері ән мен биден шашу шашты.

Кеш соңында жыл сайынғы дәстүрге сәйкес қағаздан жасалған құстар ағашқа ілініп, құс пішіндес «жаворанки» тоқаштары таратылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға