Қандастар Ассамблея

Павлодарда «Этникалық тарих сабақтары: қазақ халқына мың алғыс» жобасы бастау алды

01.03.2019 1325

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Этникалық тарих сабақтары: қазақ халқына мың алғыс» жобасы шеңберінде Алғыс айту күні өтті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, тарихи оқиғалар куәгерлерінің қатысуымен өтетін интерактивті шаралар Қазақстанның тарихи және рухани-адамгершілік құндылықтарын жастар арасында насихаттайды. Қазақстандық Алғыс айту күні идеясы – Отанымыздың өткеніне деген құрметтің белгісі.

Шара барысында қазақ халқының қиын-қыстау заманда тағдыр тәлкегіне ұшыраған түрлі этникалық топ өкілдеріне көрсеткен қамқорлығын паш ететін материалдар көрсетілді.

«Бүгінгі Қазақстан тарихы – жетістіктер мен жеңістер тарихы. Кезінде күштеп қоныс аударылған ондаған ұлт өкілдері қазақ халқы шаңырағының астына тоғысып, Қазақстанды Отаным деп білді. «Этникалық тарих сабақтары: қазақ халқына мың алғыс» жобасы әр этностың тарихымен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді. Олардың Тәуелсіз Қазақстанның гүлденуіне қосқан үлесі, қазақ халқымен қарым-қатынасы туралы білуге мүмкіндік бар», – дейді Қазақстан тарихы кафедрасының магистранты, Павлодар облыстық ҚХА жастар бірлесіктерінің үйлестіру кеңесінің төрағасы Рамиль Смаилов.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР: 

ПАВЛОДАРДА КҮШТЕП ЖЕР АУДАРУ НАУҚАНЫНЫҢ ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛДЫ

ЕРТІС ӨҢІРІНІҢ АҚСАҚАЛДАРЫ БАТА БЕРУДЕН АЛҒАШ РЕТ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН САЙЫСҚА ТҮСТІ

Ұқсас материалдар