Жаңалықтар

Парламент Мәжілісінің депутаты Астана қаласы ҚХА этномәдени бірлестіктерімен кездеседі

Парламент Мәжілісінің депутаты Астана қаласы ҚХА этномәдени бірлестіктерімен кездеседі
04.02.2019 06:34 2350

5 ақпанда сағат 11.00-де Достық үйінде Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты - ҚХА депутаттық тобының жетекшісі, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Сауытбек Абдрахмановтың Астана қаласы ҚХА этномәдени бірлестіктерімен кездесуі өтеді деп жоспарлануда.

Жұмыс барысында Сауытбек Абдрахманов ҚХА депутаттық тобының қызметі жөнінде сөз сөйлеуі күтілуде. Елордалық ҚХА қызметі және алдағы Жастар жылының жұмыс жоспарлары туралы Астана қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ляззат Кусаинова, «Вайнах» шешен-ингуш мәдени орталығының құрметті төрағасы Салман Героев және Астана қаласы бойынша Қазақстан халқы ассамблеясының «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының жетекшісі Наталья Карагеур баяндамақ.

Сонымен қатар, дөңгелек үстел қатысушылары Парламент Мәжілісінің депутатына қызықтырған сұрақтарын қойып, жауап ала алады. Меймандарға Достық үйі, Астана қаласындағы этномәдени бірлестіктерінің жұмыс жағдайлары таныстырылады. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға