Жаңалықтар

Қостанайда үздік шахматшылар мен дойбышылар анықталды

Қостанайда үздік шахматшылар мен дойбышылар анықталды
23.08.2019 10:51 2942

Қостанай облысының украин қоғамдығы Достық Үйінің қолдауымен «Ладья дружбы» шахмат-дойбы турнирін ұйымдастырды.

Қостанайда үздік шахматшылар мен дойбышылар анықталды

Екінші жыл  қатарынан  ұйымдастырылып  отырған  іс-шара  әдеттегідей А. Уфимцев  атындағы шахмат клубының қабырғасында өтті, жарысты  украин қоғамдастығының төрағасы, гроссмейстер Петр Костенко ашты.

Қостанайда үздік шахматшылар мен дойбышылар анықталды

Іс-шараға елуден астам адам жиналды. Шахматшылар 5 минуттан 9 партия ойнаса, дойбышылар бес минуттан 2 партия ойнады, яғни іріктеліп шыққан 8 адам өзара бақ сынасты. Дойбы ойыны бойынша Қазақстан Республикасының чемпионы, украин қоғамдастығының белсенді мүшесі Юрий Бондаренко дойбы ойынын насихаттау қажеттігін жеткізді.

Қостанайда үздік шахматшылар мен дойбышылар анықталды

«Облысымыздың Әулиекөл ауданында дойбы ойнын меңгертетін жақсы мектеп бар, онда біздің ізбасарларымыз зияткерлік ойынның қыр-сырын меңгеруде. Қостанай қаласында жарыстар ұйымдастырылады, алайда қатысушылардың саны аз. «Ладья дружбы» сынды турнирлер арқылы жастардың зияткерлік ойындарға деген қызығушылығы артады және жас өрендер бос уақытын тиімді ұйымдастыра алады», - дейді Ю.  Бондаренко.

Қостанайда үздік шахматшылар мен дойбышылар анықталды

Турнир қорытындысы бойынша Альрами Алдабергенов, Шыңғысхан Сержанов және Алмат Сергазин жеңімпаз атанды.  Ер балалар арасынан Ануар Мұсаев, Жанәлі Ізбасар және Алан Игіліков жеңіс тұғырына көтерілді. 

Қостанайда үздік шахматшылар мен дойбышылар анықталды

Қыздар арасынан Айя Даушева, Данеля Рамазанова мен Даяна Аминованың бақтары жанды, ардагерлер қатарынан Валерий Вишниченко мен  Жұмағұл Дощанов қарсыластарын шаң қаптырып кетті. Дойбы ойыны бойынша Абай Доскенов пен Юрий Бондаренко бірінші орынды  өзара бөлісті.

Қостанайда үздік шахматшылар мен дойбышылар анықталды

Жарыстың барлық қатысушыларына естелік сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.

Қостанайда үздік шахматшылар мен дойбышылар анықталды

Қостанайда үздік шахматшылар мен дойбышылар анықталды

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға