Жаңалықтар

ҰОС ардагері: Жақсы соғыстан нашар өмір жақсы

ҰОС ардагері: Жақсы соғыстан нашар өмір жақсы
14.05.2019 09:00 5252

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қайырымдылық керуені» қайырымдылық іс-шаралар күнтізбесі аясында Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясында «Қамқор» акциясы өтті.

Аталмыш шара мамыр айындағы мерекелерге және соғыс ардагерлеріне қамқорлық жасау мақсатына арналды. «Сібір казактарының бауырластығы» ҚБ және «Қазақстанның Орыс қауымы» ҚБ облыстық филиалдары ҰОС ардагерлеріне барып, бейбіт аспан үшін алғыс сөздерін білдірді.

Ұлы Отан соғысының ардагері Николай Демин, өзінің балалық шағы, соғыс туралы, жолдастары туралы айтып, әкесінің сөздерін еске алды: «Жақсы соғыстан жаман өмір жақсы…»

Батырларға деген алғыс пен құрмет біздің жүрегімізде ешқашан өшпейді. Сіздерге бейбіт аспан мен бейбіт өмір үшін рахмет, дейді шараны ұйымдастырушылар.

9 мамыр қарсаңында Атырау облысы «Жаңғыру жолы» жастар  қозғалысының мүшелері «Қамқор» акциясы   аясында  Ұлы Отан соғысына қатысқан 97 жастағы ардагер Айдын  Айбаровпен кездесті.

ҰОС ардагері: Жақсы соғыстан нашар өмір жақсы

Оның барысында Ұлы Отан соғысының ардагері өзінің соғыс жылдарында бастан кешкен оқиғалары жөнінде әңгімелеп, жастарға патриоттық рух, келген бастамаларына ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.

7 мамыр Отан қорғаушылар күніне және 9 мамыр Ұлы Жеңіс күніне орай Атырау облысы бойынша Қазақстан халқы ассамблеясы, «Қоғамдық келісім» КММ өкілдері және «Былина» этномәдени бірлестігінің белсенділері, мектеп оқушылары қатысқан іс-шарада Христиан халықтары жерленген зиратта Ұлы Отан соғысына қатысқандарға және 1921 жылы Гурьев қаласында Кеңес үкіметінің орнатылу жолында күресіп, қаза тапқандарға арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

ANU_9289.JPG

8 мамырда Жеңіс саябағында «Мәңгілік даңқ» жалпы республикалық акциясы аясында шара ұйымдастырылып, «Былина» орыс этномәдени бірлестігінің белсенділері Ұлы Отан соғысының және ауған соғысының ардагерлерімен,   Атырау қаласының тұрғындарымен «Мәңгілік даңқ» шеруіне қатысты. 

БМ-3.jpg

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға