Жаңалықтар

Оралда өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру мәселесі талқыланды

Оралда өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру мәселесі талқыланды
07.10.2019 18:20 2231

Батыс Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы ақсақалдар кеңесінің кеңейтілген отырысында өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру мәселесі әңгіме арқауына айналды.

Оралда өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру мәселесі талқыланды

БҚО Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, Хатшылық меңгерушісі Ғайса Қапақовтың айтуынша, өскелең ұрпақтың әскери дәстүрлерге, жауынгерлеріміздің ерліктеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу қажет. Сондықтан барлық мектеп ұйымдары мен мекемелерінде құрылған «Айбын» әскери-патриоттық клубтарының міндеті – патриоттық тәрбиенің мәселесін шешу.

Облыстық қорғаныс істері жөніндегі басқарма бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Эльдар Шынғалиев, Орал ақпараттық технологиялар колледжінің «Жігер» әскери-патриоттық клубының жетекшісі Марат Аққалиев, жоғары аграрлық-техникалық колледждің ұйымдастырушысы Манарбек Әмірғалиев, №30 ЖОББМ алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы Мерей Отаров және тағы басқалары өз тәжірибелерімен бөлісті. Олар жүргізіп отырған патриоттық жұмыс өте маңызды, өйткені өз аталарының ерліктерін есте сақтап, жер бетіндегі бейбітшілікті сақтап қалатын ұрпақты тәрбиелеу – бүгінгі қоғамның басты міндеті болып табылады.

Оралда өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру мәселесі талқыланды

Жыл сайын жастардың әскери-патриоттық шараларға деген қызығушылығы артып келеді. Осылайша, республикада бес жыл бойы Мемлекет басшысының қатысуымен «Айбын» жастардың әскери-патриоттық жиыны өтуде. Биылғы жылы «Жігер» әскери-патриоттық клубының оқушылары дайындық деңгейі бойынша бірінші болды.

15 жыл бойы Орал ақпараттық технологиялар колледжінде «Жігер» әскери-патриоттық клубы жұмыс істейді. Мұнда патриоттық жұмысты жүргізу жақсы жолға қойылған.

«Патриоттық клубтың бағыттарының бірі - Ұлы Отан соғысы жылдарында хабар-ошарсыз кеткендердің есімдерін анықтау және еске алу вахтасына қатысу. Сондай-ақ, ауған жауынгерлерімен кездесулер өткізіп, қаза тапқан ауған жауынгерлерінің ата-аналарына және қарияларға көмек көрсету», – дейді клуб жетекшісі Марат Аққалиев.

Ақсақалдар кеңесінің мүшелері жиынды қорытындылай келе мұндай жұмыстың әрі қарай дамуы керектігін алға тартты.

Оралда өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру мәселесі талқыланды

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға