Жаңалықтар

Нұрсұлтан Назарбаев Түркі әлемінің Жоғары Орденімен марапатталды

Нұрсұлтан Назарбаев Түркі әлемінің Жоғары Орденімен марапатталды
15.10.2019 17:34 2372

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркі әлемінің Жоғары Орденімен марапатталды.

«Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің мәжілісі кезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркі әлемінің Жоғары орденімен марапатталды», - деп жазды Айдос Үкібай Twitter парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, 14 қазанда Нұрсұлтан Назарбаев Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесіне мүше мемлекеттер басшыларының 7-ші саммитіне қатысу үшін Баку қаласына барды.

Нұрсұлтан Назарбаев Түркі әлемінің Жоғары Орденімен марапатталды

Сапар барысында Елбасы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен, Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбековпен келіссөздер өткізді.

Нұрсұлтан Назарбаев Түркі әлемінің Жоғары Орденімен марапатталды

Бакуде 15 қазанда Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесіне (ТМЫК) мемлекет басшыларының VII саммиті басталды.

Нұрсұлтан Назарбаев Түркі әлемінің Жоғары Орденімен марапатталды

Шараға ТМЫК елдерінің басшылары - Түркия Президенті Режеп Ердоған, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков, сондай-ақ Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысуда. Сонымен қатар, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев бұл ұйымның толыққанды мүшесі ретінде алғаш рет қатысып отыр. Саммит тақырыбы - «Шағын және орта бизнес».

Нұрсұлтан Назарбаев Түркі әлемінің Жоғары Орденімен марапатталды

Еске сала кетсек, биыл Қазақстан, Түркия, Әзербайжан және Қырғызстан президенттері қол қойған тарихи құжат – Нахчыван декларациясына тура 10 жыл толып отыр. 2009 жылы Әзербайжанның Нахчыван қаласында өткен Түркітілдес мемлекеттер басшыларының IX саммитінде Нахчыван декларациясына қол қойылды. Осылайша, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркі кеңесін құру идеясы іске асқан еді. 2011 жылға дейін түркітілдес мемлекеттер басшыларының саммиттері форум форматында өтіп келген еді.

Нұрсұлтан Назарбаев Түркі әлемінің Жоғары Орденімен марапатталды

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға