Жаңалықтар

«Мен қазақша сөйлеймін» атты жалпы республикалық акция басталды

«Мен қазақша сөйлеймін» атты жалпы республикалық акция басталды
02.11.2018 05:06 2096

Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен 29 қазаннан бастап Қазақстанның барлық өңірлерінде «Мен қазақша сөйлеймін» атты жалпы республикалық акция басталды.

Осыған орай, ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен Бородулиха ауданының орталығында «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» атты облыстық кешенді іс-шаралар өтті.

Шараға облыстың қалалары мен аудандарындағы мемлекеттік тілді жетік меңгерген өзге ұлт жастары, этномәдени бірлестік, зиялы қауым мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және аудан тұрғындары қатысты.

Акцияның салтанатты ашылуына Ассамблеясының хатшылығының меңгерушісі Асқар Нұрғазиев қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Қалалық мәдениет үйінде «Жаңа әліпби – жарқын болашақ кепілі» атты ток-шоу ұйымдастырылды.

Бұдан басқа мемлекеттік органдарда қызмет істейтін тыңдаушылар мен жастарға арналған «Ана тілі – жүрек үні» атты әнмен өрілген сабақ өтті. Кейін акцияға қатысушылар аудандық кітапханада «Мен қазақша сөйлеймін» байқауына қатысты. Бұл шарада жастар 3 кезең бойынша білімдерін сынап, тапсырмалар орындап, қазақ тілін қаншылықты жетік меңгергендерін танытты.

Шараның жабылу салтанатында ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы іс-шараларға қатысқан өзге ұлт өкілдерін алғысхаттармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады. Акция мерекелік концерттік бағдарламамен аяқталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға