Жаңалықтар

Медиатор - татуластырушы ғана емес, қоғам тұрақтылығын сақтаушы

Медиатор - татуластырушы ғана емес, қоғам тұрақтылығын сақтаушы
07.11.2019 17:14 2636

Сұхбат алаңында бас қосқан елордалық этномәдени орталықтардың кәсіби және қоғамдық медиаторлары елімізде медиация институтын дамыту және қоғамдық келісімді қамтамасыз ету, «Мектеп медиациясы» жобасын тәжірибе жүзінде кең көлемде тарату мәселелерін талқылады, сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қалалық сотының медиаторларының жұмысын сарапқа салды.

Аталмыш шараға қалалық соттар, білім басқармасының өкілдері және қалалық мектептердің әлеуметтік педагогтары қатысқан болатын.

Медиатор - татуластырушы ғана емес, қоғам тұрақтылығын сақтаушы

Медиатор - татуластырушы ғана емес, қоғам тұрақтылығын сақтаушы

Бүгінде жалпы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша медиация мәдениетін дамыту мақсатында қалалық ассамблея жанында 6 медиация кабинеті ашылып жұмыс жасауда. Және этномәдени бірлестіктер тарапынан 11 кәсіби және қоғамдық медиатор тіркелген.

Қалалық Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Л.Құсайынованың айтуынша, ассамблея қаланың мемлекеттік мекемелерімен және ұйымдарымен медиация саласында өзара ынтымақтастық туралы 15 меморандумға қол қойған. Әсіресе, мектеп қабырғасында тәжірибе ретінде ашылған медиация орталықтарының жұмысы бүгінде қоғамның қызу талқылауына ұшырауда. Осы жылы тәжірибе ретінде, қалалық №26 және №49 жалпы білім беру мектептерінде медиация орталықтары ашылған болаты. Мектептің әлеуметтік оқытушылары осы тұрғыда психологтар мен тәрбие ісі комиссиялары түйінін тарқата алмаған кейбір мәселелерде медиаторлардың көмегіне жүгінуге тура келетінін жасырмады. Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының Орынбасары, кәсіби медиатор Шерзод Пулатов қоғам дамуында өзіндік орны қалыптаса бастаған медиация институтына байланысты кейбір мәселелердің себебін оған қатысты ортақ ереже мен реестрдің жоқтығынан деді. Ш.Пулатов сұқбат алаңына қатысушыларға кәсіби және қоғамдық медиаторлардың аражігін ажыратып, қызмет бағыттарын анықтау үшін Қоғамдық медиаторлардың ережесін әзірлеуге байланысты өз пікірлерін білдіруді ұсынды. «Медиация институтының жұмысын жақсарту үшін, оның жүйесін құрып алуымыз керек. Кәсіби медиатор мен қоғамдық медиатордың арасында айырмашылық бар екені жасырын емес», - деді Ш.Пулатов.

Медиатор - татуластырушы ғана емес, қоғам тұрақтылығын сақтаушы

Алқалы кеңесте медиация институтының қалыптасуына үлес қосып, дауласқан тараптарды ымыраға келтіруді ғана емес, ел ішінде тұрақтылықтың сақталуына жанашырлық танытып жүрген татуластырушы тарап – медиаторлар қоғамда сот төрелігіне балама ретінде ұсынылған жаңа инститтуттың дамуы үшін не істей аламыз деген сауал төңірегінде пікір-талас ұйымдастырып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Бөлісу:


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады.



Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға