Жаңалықтар

Ұлытауда ІІ Халықаралық этномәдени мұра фестивалі өтеді

Ұлытауда ІІ Халықаралық этномәдени мұра фестивалі өтеді
15.08.2019 11:19 3029

Қарағанды облысы Ұлытау ауданының Болатсай жерінде 23-24 тамызда Jezkiik этно-мәдени мұрасының ІІ Халықаралық фестивалі өтеді. Ол «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілуде. 

Фестивальға атақты қазақстандық және шетелдік әртістер - Carmen Guerrero Flamenco (Испания) ансамблі, сербиялық ұлттық «Абрашевич» оркестрі, DUHAJ оркестрі, итальяндық «MORESCA NOVA» тобы және басқалары қатысады.

Ұлытауда ІІ Халықаралық этномәдени мұра фестивалі өтеді

Фестиваль 23 тамызда алау алаңында С. Әбдіғали, Д. Аркенов, К. Каренина, Б. Рахимжанов (гитара), В. Слепухин (гитара), А. Севостьянов (баян), Б. Смағұлова (күйші), Б. Танатаров (күйші) қатысуымен өтеді. Сондай-ақ, бұл кеште көрермендер назарына «Қазақфильм» киностудиясында және «DAR Play» студиясында түсірілген Amire фильмі ұсынылады.

Сенбі, 24 тамызда фестиваль «Атадан қалған асыл мұра» концертімен жалғасады. Оған Тәттімбет атындағы академиялық оркестр, С.Мұсайын, Д.Аркенов, Г.Тапай, Ж.Баспақова секілді солистер, А.Үлкенбаева (Алматы қ.), Ж.Жүзбаев (Нұр-Сұлтан), Ж.Сатыбалдиев (Алматы қ.), С.Тұрысбеков (Нұур-Сұлтан), «HasSak »этно-тобы (Алматы қ.) және Италия, Испания, Сербия, Венгриядан келген фольклорлық ансамбльдер қатысады.

Ұлытауда ІІ Халықаралық этномәдени мұра фестивалі өтеді

Сондай-ақ, осы күні фестивальде «Аққу» фольклорлық-хореографиялық ансамблі, Ақтоғай ауданының «Тоқырауын толқындары» халық ән-би ансамблі, домбырашылар ансамблі, дәстүрлі әндерді орындаушылар А. Қосанова, У. Байбосынова, А. Мұхит, жыршы Е. Шалдыбеков өнер көрсетеді.

Шараға сонымен қатар белгілі ақындар - ҚР еңбек сіңірген қайраткері Аманжол Әлтаев пен «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Сара Тоқтамысова қатысады.

Фестиваль қонақтарына қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері тұсаукесер, бесікке бөлеу, беташар және т.б. көрсетіледі.

Jezkiik этно-мәдени мұра фестивалі «Арлан» ұлттық дәстүрлер театрының, қазақстандық эстрада жұлдыздары Қыдырәлі Болмановтың, Қарақат Әбілдинаның және «Дос-Мұқасан» тобының, «Ұлытау» этно-рок тобының және «Alatau serileri», «Назар» тобының (Алматы қ.), «Алтын батыр» степ-тобының қатысуымен өтетін гала-концертпен аяқталады.

inform.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға