ҚХА мен Қ. Жұбанов университеті Ақтөбе облысындағы қазіргі этникалық жағдай туралы бірлескен зерттеу жүргізеді

14.01.2020 676

Ақтөбеде Қ. Жұбанов университетінің 85 жылдығы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орай «Тәуелсіздік тұғыры - өркениеттілік» тақырыбында Ғылыми-сараптамалық Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.


Ол 2020 жылға арналған ғылыми сараптамалық тобының жұмыс жоспарын бекіту, Қазақстан халқы Ассамблеясының қазақтану жобасы аясында, Әл-Фарабидің 1150 жылдығы, Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына және Жұбанов университетінің 85 жылдығына орай ортақ ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында ұйымдастырылды.

Басқосуда тарих ғылымдарының докторы, профессор Рахым Бекназаров ғылыми көзқарас пен шешімді қажет ететін өзекті мәселелерге тоқталды. Атап айтқанда, латын әліпбиіне көшу, шағын және орта бизнестің әлеуметтік-саяси рөлі, тұрғындардың біліміне назар аударды. Сондай-ақ, Ақтөбе облысындағы қазіргі этникалық жағдай туралы Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлескен зерттеу жүргізу ұсынылды.


Отырыста философия ғылымдарының докторы, профессор Алтай Тайжанов пен Ақтөбе облысы Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Маржан Қорғанбаева күн тәртібіндегі маңызды жағдайларға байланысты өз ойларын ортаға салды. Өз кезегінде философия ғылымдарының кандидаты Үмбетқан Сәрсембин Қазақстандағы қоғамдық келісім мен жалпы ұлттық бірлікті нығайту идеясының тарихи мәні туралы баяндама жасаса, кафедраның аға оқытушысы, философия ғылымдарының кандидаты Дмитрий Мацюк Қазақстан халқы Ассамблеясының Қазақстандағы рөлі туралы баяндады.

Еске салсақ, университеттегі «Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасы 2015 жылдан бастап жұмыс жасайды. Этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған мемлекеттік этносаясат аясында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді.


Ұқсас материалдар