Жаңалықтар

ҚХА мен Денсаулық министрлігі «Донор күні» қайырымдылық акциясына шақырады

ҚХА мен Денсаулық министрлігі «Донор күні» қайырымдылық акциясына шақырады
15.01.2020 15:57 2063

18 қаңтарда елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығымен бірлесе отырып донорлар қатарына кіруге және «Донор күні» қайырымдылық акциясына қатысуға шақырады.

Аталмыш шараға талапқа қарсы көрсеткіштері жоқ, жасы 18-ге толған ел тұрғындары қатыса алады.

Акция сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін Достық үйінде (Б. Момышұлы даңғылы, 24\9) өтеді.

Өзіңізбен бірге жеке құжатыңыз болуы қажет.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға