Жаңалықтар

ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығының көшбасшылар форумының қорытындысы: инновациялық 14 стартап ұсынылды

ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығының көшбасшылар форумының қорытындысы: инновациялық 14 стартап ұсынылды
28.01.2019 03:44 1538

Жақын арада 83-мектеп-гимназиясы негізінде технопарк ашу, венчурлық қор құру; кино мен телевизияны, кино мектебін, шығармашылық әлеуметтік желіні, шеберлік сабақтары жинағын; Айсәнім Қастееваның шығармашылық студиясын; жастардың хоккей клубын қолдау қорын таныстыру сияқты қайырымды істер алға бастайтын стартап жобаларды іске асыру жоспарланып отыр.

25 қаңтар күні Астана қаласындағы Назарбаев университетінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Кәсіпкерлер қауымдастығы ұйымдастырған Self-made көшбасшыларының форумы өтті. Оған еліміздің аймақтарынан екі жүзден астам делегат қатысты, оның ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Исламбек  Салжанов, ҚХА мүшелері, Парламент Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ҰКП өкілдері, «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының көшбасшылары, табысты жас кәсіпкерлер, студенттер мен еріктілер бар.

Іс-шараны Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Леонид Прокопенко кіріспе сөзімен ашты.

Отандық  тауар өндірушілердің, қолөнершілердің және стартапшылардың  өнімдерінің көрмелері өтіп жатқан фойеде қызықтаушылар көп болды. Келгендер көрмеге қойылған ірімшіктің, хош иісті алманың дәмін татып, ұлттық киімдерді, зергерлік бұйымдарды, ағаштан және былғарыдан жасалған заттарды тамашалады.

Қатысушылардың алдында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, «Алтын Қыран» компаниялар тобы байқаушылар кеңесінің төрағасы Исламбек Салжанов, ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығының төрағасы Думан Қыдырбаев, «Атамекен» ҰКП төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының төрағасы Максим Споткай сөз сөйледі.          

Өз идеяларын жобаға айналдыра алған «Utari»   компаниялар тобының директоры Әсел Жүргенова мен «Сарайшық» асыл тұқымды  шаруашылығығы» ЖШС бас директоры Тамила Розметова және басқалары жастармен пайдалы кеңестер мен өз ұсынымдарымен бөлісті. 

Форум алаңшасында түрлі салалардағы инновациялық 14 стартап ұсынылды. Бұлар – ауыл шаруашылығын цифрландыруға, айтитехнологияларға, станок жабдықтарын инновациялық шығаруға байланысты жобалар.

Сондай-ақ, 83-мектеп-гимназиясы негізінде технопарк ашу, венчурлық қор құру; кино мен телевизияны, кино мектебін, шығармашылық әлеуметтік желіні, шеберлік сабақтары жинағын; Айсәнім Қастееваның шығармашылық студиясын; жастардың хоккей клубын қолдау қорын таныстыру сияқты қайырымды істер стартаптары да жоспарланып отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға