Жаңалықтар

ҚХА Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтайды

ҚХА Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтайды
01.05.2019 00:00 5015

Құрметті отандастар!

Қазақстан халқы Ассамблеясы барша қазақстандықтарды Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтайды! 

Бұл мереке еліміздің барлық азаматтарын біріктіретін орасан зор әлеует – достық пен өзара түсіністіктің жарқын мерекесіне айналып отыр. 

Татулық пен келісім құндылықтары Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә. Назарбаев саясатының әрдайым аса маңызды басымдықтары болды. Соның арқасында қоғамымыздың көп этносты болуы, мәдениеттер мен тілдердің алуан түрлілігі  біздің артықшылығымыз бен жетістігімізге, Қазақстан дамуының берік негізіне айналды. 

Айтулы мерекені бірліктің, өз Отанымыздың болашағы үшін ортақ жауапкершіліктің  ерекше атмосферасында атап өтудеміз. 

Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясы қазақстандықтардың табысты да қарқынмен дамитын Қазақстанды құру үшін белгіленген барлық жоспарларды іске асыруға бірге ұмтылатынын тағы да көрсетіп берді.   

Қымбатты достар!

Бәріміздің ортақ міндетіміз – Тәуелсіз Қазақстанның ең басты және айқын жетістіктерінің бірі – қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтау.

Біздің ынтымақтастығымыз одан әрі бекіп, нығая берсін, ал жүректерімізді ортақ жеңістеріміз үшін мақтаныш кернесін! 

Ұлы Даланың әр үйіне бақыт пен береке, татулық пен табыс тілейміз! 

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға