Жаңалықтар

Кәріс ұлтының өкілі өзінің туыстарын өлімнен аман алып қалған қазақстандық отбасын 67 жылдан кейін тапты

Кәріс ұлтының өкілі өзінің туыстарын өлімнен аман алып қалған қазақстандық отбасын 67 жылдан кейін тапты
11.04.2019 03:20 1920

Кәріс ұлтының өкілі Галина Пак өзінің туыстарын өлімнен аман алып қалған қазақстандық отбасыны 67 жылдан кейін тауып алды. Ол жантебірентерлік оқиғасымен бөлісті.

Галинаның сөзінше, кәрістерге қиын болған сол жылдары өзінің туыстары Қиыр Шығыстан Қазақстанға жер аударылған. Осылайша, туыстары бастапқыда Қызылорда облысына келіп, кейіннен Ақтөбе облысына көшіп барған. Ол кезде Галинаның анасы Мария 10 жаста болған екен.

«Анам үнемі: «Қазақтарға рахмет! Олар бізді аштықтан аман алып қалды», – деп айтып отыратын», – дейді Галина. 

Оның сөзінше, анасы Ақтөбе облысында тұрмысқа шыққан. Мұнда 4 баланы дүниеге әкелген. Галина – балаларының кішісі. Олар бала күнінен қазақтың тілі мен дәстүрін үйреніп өскен.

Сонымен қатар Галина 1952 жылдың қысында болған оқиғаны еске алды. Сол кезде отбасы үш баласымен қарға омбығып, далада қалып қойыпты. Әкесі көмек іздеуге кеткен. Ол есігін қаққан бірінші үйдің иесі көмек қолын созып, отағасымен бірге көлікте қалған отбасына жәрдемдесуге барады. 
 

Фото: 70-ы жылдар. Сисембин Әлмұқан жолдасымен, немересімен және Орск қаласынан келген сапаршылармен.

Ер адам олардың бәрін үйіне алып келіп, ыстық тамақ ұсынған. Галина сол кісі көмектеспегенде, отбасының аман қалмайтынын айтады. 

Содан бері ондаған жылдар өткен. Ал Галинаның анасы отбасын құтқарып қалғандарға тиісінше алғыс білдіре алмағаны үшін қиналған екен. Бүгінде Галина мен әпкесінің ғана көзі тірі. Олар Ақтөбеде тұрады. 

Сол оқиғадан бері арада 67 жыл өткен соң Галина өзінің туыстарына көмектескен Әлмұқановтар отбасын тауып алған. Сол кезде көмек қолын созған отағасы Әлмұқан Сейсембин өмірден озған. Анықталғандай, оның балалары ауылдан Ақтөбеге көшіп келіпті. 

Галины Пактың Өзипа Әлмұқановамен кездесуі (ортада). Қайын атасы туралы тағы бір жеңгесі - Назым Есенжолова (сол жақта) да келген.

Галина Әлмұқан атаның төрт ұлдарының бірінің жұбайы Өзипа апамен танысқан. Сонымен қатар оның немере-шөберелерімен де жүздесіпті. Ендігі олар үнемі араласып тұрмақ.

 

Әлмұқан Сисембин Хромтауда жолға жақын жерде тұрған. Көптеген жолаушыларға көмектескен.

kznews.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға