Жаңалықтар

Көкшетауда татар және башқұрт орталығының негізін қалаушы Р. Гайнуллиннің 80 жылдық мерейтойы атап өтілді

Көкшетауда татар және башқұрт орталығының негізін қалаушы Р. Гайнуллиннің 80 жылдық мерейтойы атап өтілді
11.11.2018 02:39 2005

Көкшетауда еңбек ардагері Рашид Гайнуллинің 80-жылдық мерейтойына орай әріптестері мен жерлестері қошамет көрсетті. ​

Кокшетаудағы Достық үйінде Ақмола облысының татар және башқұрт бірлестігінің  құрылтай кеңесінің мүшесі, бастамашысы, бірлестіктің қарттар кеңесінің төрағасы Рашид Гайнуллиннің туғанына 80 жыл толуына орай мерекелік іс-шара өтті.                   

Ақмола облысының татар және башқұрт бірлестігінің төрағасы Рафаил Сулькарнаев өз әріптесінің өмір жолына қысқаша тоқталып, көп жылғы еңбегі үшін алғыс білдіріп, Қзақстандағы Татарстан Республикасының уәкілетті өкілінің және «Татар және башқұрттардың Қазақстандық конгресі» республикалық бірлестігінің төрағасы аттарынан құттықтаулары мен бағалы сыйлықтарын тапсырды.

ҚХАА хатшылығының бас маманы Индира Ибраева Ақмола ҚХА хатшылығының меңгерушісі Ринат Галлямовтың атынан туған күн иесіне Құрмет грамотасын табыс етті. Бұл шарадан төрағасы Ғосман Төлеғұл болып табылатын Ақмола облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелері де бұл шарадан шет қалмады - өз шынайы құттықтауларын жеткізді.

Рашид Гайнуллиннің айтуынша, Көкшетау – бұл оның туған және мектептік жылдары өткен, еңбек жолы қалыптасқан сүйікті қаласы. Орта мектепті бітірген соң механикалық зауыттың механикалық-жинау цехына темір ұстасының шәкірті ретінде келген еңбекқор, белсенді, батыл жігіт бірден көзге түсіп, алдағы уақыттарда учаскелік шебер, цех бастығының орынбасары, төраға, партия комитетінің хатшысы, кейін келе зауыт директоры лауазымдарын атқарады. Қырық жыл бойы қажырлы еңбек еткен дәл осы кәсіпорын оның тағдыры мен кәсіби мәнсабына айналады. Рашид Гайнуллиннің еңбек жолында бұдан бөлек Көкшетау стандарттау және метрология орталығы директорының қызметі де бар.

Рашид Сафиуллович қала және облыстың қоғамдық өмірінен ешқашан тыс қалған емес, қалалық және облыстық халықтық депутаттар кеңесіне сайланған.

 Рафаил Сулькарнаев атап өткендей, Р. Гайнуллин татар және башқұрт диаспорасының өзге көшбасшыларының арасында ең алғашқысы болып Көкшетаудағы татар мәдениеті орталығының ашылуына бастамашы, кейін келе аталмыш орталық төрағасы болды, белсенді қоғамдық қызметі үшін Татарстан Республикасының «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

 «Қазіргі таңда оның қатысуынсыз және парасатты кеңестерінсіз ешбір іс-шара өтпейді. Ол қала және облыс тұрғындары арасында үлкен беделге ие», - деп атап өтті мерейтой иесінің достары мен әріптестері.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға