Жаңалықтар

Көкшетауда немістер қауымы театрландырылған көріністің тұсаукесерін ұйымдастырды

Көкшетауда немістер қауымы театрландырылған көріністің тұсаукесерін ұйымдастырды
03.01.2019 10:26 2345

«Көк тауларға жасалған рождестволық саяхат» атауымен Көкшетау қаласының Достық үйінде «Ақмола облысы «Wiedergeburt» немістер қауымы» қоғамдық бірлестігі жанындағы жастар студиясының мүшелері театрландырылған көріністің тұсауын кесті.

Айта кетерлігі, облыстық немістер қауымының жанындағы «Zodiak» жастар театралдық студиясы Алматы қаласында өткен жастар арасындағы  IV республикалық «Неміс тілі сахнада» атты театралды байқауының жеңімпазы болып табылады.

Ерескетер мен балалардан құралған облыстық немістер қауымының жанындағы неміс тілі курстарының тыңдаушылары өз кезегінде ерекше шығармашылық көріністерін әзірлеп, көрермендер назарына ұсынды.

Жастар театралды студиясының барлық қатысушылары іс-шара соңында грамоталар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

«Ақмола облысы «Wiedergeburt» немістер қауымы» қоғамдық бірлестігі жанындағы жастар театралды сиудиясына Екатерина Грядунова жетекшілік етеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға