Жаңалықтар

Көкшетауда этномәдени орталықтар музыкант Руслан Богданов пен 13-жасар Оралсын Құлтаевтың емдеріне қаражат жинады

Көкшетауда этномәдени орталықтар музыкант Руслан Богданов пен 13-жасар Оралсын Құлтаевтың емдеріне қаражат жинады
04.02.2019 03:52 1771

«Ақмола облысының орыс қауымы» қоғамдық бірлестігінің «Русская песня» халықтық ансамблі көкшетаулық танымал музыкант Руслан Богдановқа қалдау көрсетуге арналған қайырымдылық концерт берді.

Өткен сенбі күні орын алған Көкшетау қаласының «Истоки» Мәдениет үйіндегі «Ақмола облысының орыс қауымы» ҚБ-нің «Русская песня» халықтық ансамблінің қайырымдылық концертіне көрермен залға лық толды.

Іс-шарадан жиналған барлық қаражат қазіргі таңда ауыр науқаспен күресіп жатқан белгілі көкшетаулық жас музыкант, сазгер, әнші Руслан Богдановтың емделуіне жіберілді.

Руслан Богданов  - Көкшетау қаласы мәдениетінің даму тарихына үлкен үлес қосқан музыкант. Көкшетаулық оқушылардың Русланға деген қарым-қатынастары тіптен ерекше, себебі білім беру саласында бірнеше жыл жемісті еңбек еткен ол облыстағы оқу орындарында балаларды даярлап, шығармашылық көрмелер өткізді. Русланның басына түскен қиындыққа көмек көрсетуге  күллі Көкшетау қаласының тұрғындары қатысты.

Бұл күні Мәдениет үйінің сахнасынан қала тұрғындарының сүйікті ұжымының орындауында олардың сүйікті әндері орындалды. Сонымен қатар «Кнопочки» би ұжымының жас бишілері, жас әншілер өнерлерін ортаға салды.

«Русская песня» ансамблінің шығармашылық жетекшісі, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері, ҚХА мүшесі Зоя Авилова бір кездері арнайы өзі үшін Руслан Богданов жазған Анна Германның репертуарындағы «Один раз в год сады цветут» әнінің бірінші фонограмасында орындады.

Айта кетерлігі, халықтық ансамблінің әншілері орындаған әндердің баршасына Сәкен Қарбаев сынды өнерпаз баянмен сүйемелдеу жасағанын атап өткен жөн.

Өз кезегінде Ақмола облысы ассамблея мүшелері кезекті рет мүгедек-баланың анасына көмекке келді.

Көкшетау қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы ассамблеясының Ақмола облыстық филиалы мен ҚХАА-ы жанындағы Аналар кеңесі өткізген «Қайырымды Ақмола» шарасы дүниеге келгеннен бері қос жанарының глаукомасымен науқастанған 13 жасар Оралсын Құлтаевтың анасына үлкен үміт сыйлады.

ҚХА-ның жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Зере Қиықова қайырымдылық акциясы барысында жиналған қаражатты аталмыш анаға табыстады.

Көкшетау қаласының тұрғыны Динара Мадогулованың айтуынша, 2006 жылы оның ұлына сол көзі глаукомасы өткір ұстамасы деген диагноз қойылды. Бірнеше ота жасалды, ұзақ мерзімді емделу шаралары өз нәтижелерін берген жоқ. 2018 жылы Астана қаласындағы көз ауруларының Қазақ ғылыми-зерттеу институтында оның ұлынның сол көзін алып тастау бойынша ота жасалды. Өз басына түскен қиыншылықты айта отырып, баланың анасы көз жасына да ерік берді. Анықталғандай, ол қазіргі таңда жатақхананың бір бөлмесінде тұратын болып шықты, Динара Ермекқызының  екінші ұлы алты жасар Олжас та мүгедек болып саналады.

Ананың басына түскен ауыр сынға облыстың этномәдени бірлестіктерінің басшылары, Ақмола облысының Іскер әйелдер кеңесі мүшелері (басшысы – Гүлмира Құсайын), «Кокше-электромонтаж» ЖШС (басшысы – Омар Саржігітов) сынды тұлғалар жанашырлық танытып, науқас баланың емделуіне қаржылай қолдау көрсетті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға