Жаңалықтар

Көкшетауда Ақмола облыстық ҚХА футбол командасының мүшелеріне қошемет көрсетілді

Көкшетауда Ақмола облыстық ҚХА футбол командасының мүшелеріне қошемет көрсетілді
05.12.2019 16:57 1828

Көкшетаудың Достық үйінде Ақмола облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының футбол командасының мүшелерімен кездесу өтті.

Көкшетауда Ақмола облыстық ҚХА футбол командасының мүшелеріне қошемет көрсетілді

Құрама сегіз елдің және халықаралық ұйымдардың спорт командалары қатысқан халықаралық футбол турнирінің жеңімпазы атанғаны белгілі.

Облыстық ассамблея жанынан құрылған «Ақмола жастары» спорттық қозғалысының мүшелеріне «Санги-Кабуд» тәжік ұлттық-мәдени орталығы» ҚБ төрағасы Умар Шоназаров жетекшілік етеді.

Умар Файзудинович өзі де спортшы және жастарды да әрдайым дене шынықтырумен айналысуға тартады.

Өзінің құттықтау сөзінде Ақмола облыстық хатшылығының меңгерушісі М. Тохаева жастармен жүргізіп жатқан жұмысы, оларды спорт пен белсенді өмір салтына тәрбиелеп, бойларында азаматтық пен патриотизм сезімдерін жетілдіруде қосқан үлесі үшін У. Шоназаровқа алғыс білдірді.

Кездесу соңында спортшыларға облыстық ассамблеяның алғыс хаттары табысталды.

Көкшетауда Ақмола облыстық ҚХА футбол командасының мүшелеріне қошемет көрсетілді

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға