Жаңалықтар

FroheOstern – Көңілді Пасха мерекесі

FroheOstern – Көңілді Пасха мерекесі
01.04.2018 12:22 1723

1 сәуірде католиктер мен протестанттар аса маңызды мерекелердің бірі – Пасханы атап өтті.

Бұл мерекені балалар ғана емес, үлкендер де асыға күтті. Мерекеге алдын ала дайындалды: үйді безендірді, пасхаға арналған арнайы тағамдарды дайындайды және қонақтарды қарсы алады. Пасха – бұл тек көңілді мереке ғана емес, аса ізгі дәстүрлерге, салттар мен символдарға толы мереке.

«Видергебурт» Солтүстік Қазақстан облыстық неміс мәдени орталығы Пасхаға арналған концерт ұйымдастырып өткізді. Қонақтар үшін танымды және қызықты концерттік бағдарламалар әзірленді, декоративтік-қол өнер шығармашылығы бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды, ал балалар үшін – көңілді ойындар мен байқаулар.

Мерекеге дәстүрлі неміс әндері шырқалды, балалар театрландырылған көріністер дайындады, өлеңдер оқып, неміс халық билерін биледі. Балалар пасхалық қоянмен ойнады, байқауларға қатысты, қызықты тапсырмаларды орындады: сәбіз отырғызды, жұмыртқа жинады, аспанға ауа шарларын ұшырды.

Шараға қатысушылар мен қонақтар мереке символдары туралы білді: Osterei – Пасхалық жұмыртқа – Жаңару символы, ұрпақтану мен өмірге мәңгілік оралу. Пасхалық қоян (Osterhase) – бұл пасхалық қояндарды әкелетін және тығатын қоян. Пасхалық символ ретінде 1938 жылдан бастап белгілі. Балаларда бұл мереке осымен бейнеленеді. Жақын күні қоян балалардан пасхалық жұмыртқаны шөпке, бақшаға, орманға тығады, ал таңертең балалар оны іздейді. Бұл өте қызықты және көңілді пасхалық дәстүр.

Мерекелік бағдарламаны қорытындылау кезінде балалар пасхалық жұмыртқамен корзинканы тауып, ал мереке қонақтары «Видергебурт» Солтүстік Қазақстан облыстық неміс мәдени орталығының мүшелерімен әзірленген декоративтік-қол өнер шығармашылығының көрмесін аралады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға