Жаңалықтар

Фараби-1150: әл-Фараби мерейтойы Қазақстанда ресми басталды

Фараби-1150: әл-Фараби мерейтойы Қазақстанда ресми басталды
29.01.2020 16:59 2937

Бүгін ҚР мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде өнер адамдарымен кездесіп, ғұлама ойшыл әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы аясында өтетін іс-шаралардың басталғанын мәлімдеді.

Университет қабырғасынан ашылған әл-Фараби орталығымен танысқан мемлекеттік хатшы, өнер адамдарымен де кездесті.

Фараби-1150: әл-Фараби мерейтойы Қазақстанда ресми басталды

Өткен аптада Елбасы және мемлекет басшының қатысуымен Нұр-Сұлтан қаласында Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойының ашылуы өтті. Бүгін өздеріңіздің қатысуларыңызбен ғұлама бабамыз әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы іс-шараларын салтанатты жағдайда бастамақпыз. Биыл әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен Абайдың 175 жылдығы аясында халықаралық және республикалық деңгейде ауқымды шаралар ұйымдастырылады. Әрине бұл шаралардың барлығы өнер мен білім саласында жүрген тұлғаларымыздың атсалысуымен өтеді,-деді ол.

Сонымен қатар, ол өнер адамдарына ҚР Тұңғыш президенті – Елбасының мемлекеттік шәкіртақысын табыстады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында біз сол ұлттық сананы жаңғыртуға және бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастырамыз десек Ұлы тұлғаларымызды мұқият оқуымыз керектігін атап өткен еді, - деді Қырымбек Көшербаев.

Сондай-ақ мәдениет саласында тағы бір маңызды оқиға тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау туралы ҚР-ның заңы қабылданғанын атап өткім келеді. Ата-бабалармыз аманат еткен баға жетпес мәдени мұра, тарихи жәдігерлермізді өскелең ұрпаққа жеткізбекпіз. Мемлекетті стипендия көрсеткішінің жас ерекшелігі мынандай: 20-35 аралағындағы жастар 10 адам немесе 13,3%, 35-55 аралығындағы орта буын - 5,3%, 55-75 аралығындағы қайраткерлер - 24%, 75-тен жоғары аға буын өкілдері - 56%,-деді Қ. Көшербаев.

Мемлекеттік шәкіртақы жыл сайын 75 әдебиет пен өнер қайраткерлеріне тағайындалады. Биылғы Елбасы шәкіртақысы Асанәлі Әшімов, Мырзатай Жолдасбеков, Сәбит Досанов, Бибігүл Төлегенова, Ескендір Хасанғалиев және басқа да қазақ әдебиеті мен өнер майталмандарына табысталды.

Сондай-ақ, Канн халықаралық фестивалінің лауреаты Самал Еслямоваға, актриса Айнұр Рахиповаға, балет әртісі Бахтияр Адамжанға, ақын Қанат Омаровқа, дәстүрлі музыка өнерінің орындаушысы Медығат Манаповқа, коно режиссері Фархат Шәріповке және тағы бірнеше жас дарынға мемлекеттік қолдау көрсетілді.

Жиын барысында жазушы Смағұл Елубай сөз сөйлеп, мұндай үлкен шараларды ұлт зиялыларынсыз өткізу мүмкін еместігін айтты.

Бұл басқосу Қазақстан басшылығының жаңа жыл басында, жаңа жауапты сапар алдында елағаларының ақ тілектерін тыңдап, ақбатасын алу десе де болғандай. Осында бас қосқан қауым Қазақстан басшылығының халық үніне құлақ асатын жүйе құру ниетін, елдің әлеуметтік ахуалын көтерем деген ойларын қолдаймыз. Экономика ендігі жерде аттөбеліндей алигархтарға емес, қарақұрым халыққа қызмет етеді деген ойдамыз, - деді жазушы.

Мемлекеттік хатшы әл-Фарабидің 1150 жылдығын мерекелеу ұлы ғұлама мұраларын және біздің елдегі, сонымен бірге шетелдегі әлемдік өркениет дамуына қосқан үлесін зерделеуге қуатты серпін беретінін, жастардың ұлттық мақтаныш сезімін қалыптастыруға, сондай-ақ оларды ғылыми қызмет саласына тартуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Фараби-1150: әл-Фараби мерейтойы Қазақстанда ресми басталды

«Құрметті қонақтар! Баршаңызды әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойымен құттықтаймын. Сіздерге сәттілік тілеймін», - деді ҚР Мемлекеттік хатшысы.

Бүгін университет қабырғасында әл– Фараби кітапхана– орталығы ашылды. Тұсаукесер барысында қонақтар ұлы ойшылға арналған мұражай экспозицияларымен танысты, оның шығармалары қойылған көрмені, Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасына, Абай мен Алаш қозғалысының қайраткерлеріне, сирек кездесетін және құнды кітаптар қорына арналған сандық залды аралап көрді. Алдағы уақытта әл-Фараби кітапхана – орталығы ұлы ойшылдың идеялары мен шығармашылығын насихаттайтын болады.

Фараби-1150: әл-Фараби мерейтойы Қазақстанда ресми басталды

Әл-Фарабидің шығармашылық болмысы Шығыс пен Батыс өркениетін байланыстыратын рухани алтын көпірге айналды.

Бұл туралы да ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойының ресми ашылуында айтты.

Жиын барысында ол Тұңғыш президентіміз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» аты мақаласында әйгілі ғұламаның тұлғасы мен мұрасына лайықты бағасын бергенін айтып өтті.

Әл-Фараби қазақ халқына ғана емес бүкіл әлемдік өркениеттің рухани игілігі. Ислам және әлем философиясының жарық жұлдызы. Ол әлемді тануға және бүкіл адамзаттың рухани дамуына теңдесіз үлес қосты. Сондықтан осы айтулы мерейтой биыл ЮНЕСКО-да атаулы күндер тізбесі аясында халықаралық ауқымда аталып өтеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен жүзеге асқан ЮНЕСКО-ның бұл шешімі ғаламның Аристотелден кейінгі екінші ұстазы атанған кемеңгер тұлғаның Тәуелсіз Қазақстанның, қазақ халқының үлесінде болуын орнықтыра түсетін тарихи сәт,-деді мемлекеттік хатшы.

Сондай-ақ, ол мерейтойдың басты мақсаты әл-Фараби мұрасын зерделеуде жаңа серпін беріп, әлем тарихындағы рөлін айқындап, есімін ұлттық бренд ретінде ұлықтау екенін жеткізді.

Әл-Фарабидің шығармашылық болмысы Шығыс пен Батыс өркениетін байланыстыратын рухани алтын көпірге айналды. Оның трактаттары ренесанс дәуірінде Еуропадағы ғылымның дамуына және дүниетанымының қалыптасуына тікелей әсер етті,-деді Қ. Көшербаев.

Фараби-1150: әл-Фараби мерейтойы Қазақстанда ресми басталды

Біз әл-Фарабиді, Абайды насихаттау арқылы Қазақстанды насихаттаймыз. Қазақ елін танытамыз. Бұл туралы Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры, профессор Әбсаттар Дербісәлі әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойының ашылуында айтты.

Шығыстанушы, Әбу Насыр әл-Фараби қазақ жерінде туған үлкен тұлға екенін айтады.
1970 жылдары Мәскеуде аспирантурада оқып жүргенде және 1975 жылы Алматы қаласында әл-Фарабидің 1100 жылдық конференциясына қатысып едім. Ол бөлек кез. Қазір содан бері 50 жылдай уақыт өтті, Қазақстан тәуелсіз ел болды. әл-Фараби бабамыз өзінің тарихи отанына оралып, оның атында көшелер ашылып, ескерткіштер бой көтеріп жатыр. Сондай-ақ бас университетімізге оның аты берілді, - дейді ол.

Сонымен қатар, ол әл-Фараби әлемдік тұлға екенін, оны бүкіл әлем білетінін жеткізді.
әл-Фараби бізге не үшін керек? Оны не үшін насихаттаймыз? Қазіргі жастарымыз бен келешек ұрпақ үшін керек. Ол 200 жуық шығарма жазған адам. Соның 100-ге жуығы біздің заманға жетіп отыр. Он шақтысы Алматыда қазақ, орыс тілдерінде шықты. Ол жайында докторлық дисертациялар қорғалып жатыр, - деді Ә.Дербісәлі.

Сөз арасында ол Елбасы Сириядағы әл-Фараби басына барғанын және сол сапарда Сирия үкіметімен ұлы ойшылдың басына кесене тұрғызуға уағдаласқанын айтып берді.

Мен 2006 жылы Сирияда әл-Фарабидің басында болдым. Кейін 2007 жылы Нұрсұлтан Назарбаевпен бардым. Сол кезде Сирия үкіметі әл-Фарабидің басына кесене тұрғызуға келісім жасап еді. әл-Фараби ғылымның барлық саласымен айналысқан. Онда математика, химия, әдебиет, тарих, саясат және медицина да бар. Сондықтан біз әл-Фараби бабамызды насихаттау арқылы елімізді әлемге танытамыз, - деді ол.

Әл-Фарабиді 1150 жылдық мерейтойының ресим ашылу салтанаты Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде өтіп жатыр.


baq.kz, inform.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға