Жаңалықтар

«ЭТНОМӘДЕНИ ЖӘНЕ ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕР АРАСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ»

«ЭТНОМӘДЕНИ ЖӘНЕ ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕР АРАСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ»
05.02.2018 12:41 2095

Қазақстан Республикасы Президенті  Нұрсұлтан Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ерекше көңіл бөледі, ол жайында «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі» атты тоғызыншы бағытта толық баяндалған. Аталған міндетті іске асыру үшін 2018 жылғы 2 ақпанда Достық үйінде дөңгелек үстел өтті, оған мемлекеттік органдардың басшылары мен қызметкерлері, этномәдени, діни және басқа да қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Ашық диалог нысанындағы іс-шара аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті қызметінің басым бағыттары талқыланды. Аталған міндетті неғұрлым сапалы іске асыру үшін үкіметтік емес сектордың қатысқаны жөн, себебі қоғамдық ұйымдардың өкілдері халықтың айрықша белсенді бөлігі болып келеді. Айта кетсек,  Қазақстанның 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының басым бағыттарын және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізгі ережелерін іске асыру аясында азаматтық сектордың басқару шешімдерін қабылдау үдерістерімен қатар қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды өткізу мәселелеріне қатысу өкілеттіктері мен дәрежесі кеңейтілді.      

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Ғалым Тұрсынбаев «Этномәдени және діни бірлестіктер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері» атты тақырыпта сөз қозғады.

Кейін қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша діни ұйымдардың жүргізген жұмысы жайында «Дін істері жөніндегі басқарма» КММ басшысы Мұратбек Зейнуллин баяндады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Серік Айдарбеков өңірде этномәдени және діни бірлестіктер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша 2017 жылы жүргізілген жұмыстың негізгі бағыттарын түсіндіріп, 2018 жылға арналған қоғамдық ұйымдармен жұмыстың басым міндеттері мен нысандарын атады.

Аталған іс-шара соңында мемлекеттік органдардың үкіметтік емес сектормен алдағы ынтымақтастығы бойынша ұсынымдарды қамтыған қарар қабылданды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға