Жаңалықтар

«Еркетай» ансамблі Ыстықкөлде өткен халықаралық фестивалден жүлдемен оралды

«Еркетай» ансамблі Ыстықкөлде өткен халықаралық фестивалден жүлдемен оралды
22.08.2019 11:14 2337

Шығыс-Қазақстан облыстық «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы» жанындағы «Еркетай» балалар хореографиялық ансамблі Ыстықкөлдегі VI халықаралық балалар шығармалық фестиваліне қатысып, жүлделі 2-ші орынды иемденіп қайтты.

«Еркетай» ансамблінің 6-9 жас аралығындағы 12 бишісі жетекшілері Ольга Живоглядовамен және ата-аналарымен Қырғызстандағы халықаралық байқауға ойдағыдай қатысып келді. 

«Еркетай» ансамблі Ыстықкөлде өткен халықаралық фестивалден жүлдемен оралды

Жыл сайынғы «На волне Иссык-Куля» фестиваль-байқауы кішкентай өнерпаздардың асыға күтетін сайысы. Ыстықкөлдің жағасында жас бишілер 2 ұлттық би билеп, көрермендер қошеметіне бөленді.

Алғашқы айналымда қазақтың «Бозынгеніне» бұрала билеген өнерпаздар, келесі кезеңде өзбек халқының биін Өзбекстаннан келген қатысушылардан кем билемепті. Халықаралық байқауға Қырғызстан, Қазақстан, Өзбекстан елдерінен келген өнерпаздар 3 жас ерекшелігіне сай сынға түсті. Ақтық сайыста «Еркетай» ансамблі 2 дәрежелі орынға тұрақтап, лауреат атанды.

«Еркетай» ансамблі Ыстықкөлде өткен халықаралық фестивалден жүлдемен оралды

«Бізге бұл сапар өте қатты ұнады. Байқауға қатысып, өнер көрсетіп қана қоймай, жақсы демалып қайттық. Ата-аналар бізді қолдап, балаларымен бірге барды. Ыстықкөлдің жағасында өткізген естен кетпес 7 күнде ата-аналар да, балалар да одан әрі тіл табысып, бір отбасындай бір-біріне бауыр басып кетті. Кішкентай бүлдіршіндердің өнерін шыңдау үшін басқа елге баруға мүмкіндік берген Достық үйіне алғыс білдіреміз. Соның арқасында ансамбль Қазақстанның ғана емес, туған қаламыз Өскеменнің намысын шетелде қорғап, үмітті ақтап шықты», - дейді «Еркетай» ансамблінің жетекшісі О. Живоглядова.

Естеріңізге сала кетейік, «Еркетай» хореографиялық ансамблі 2015 жылы құрылған. Ансамбль Достық үйінде 2017 жылдан бері жұмыс істейді. Қазіргі таңда құрамында 18 қатысушы бар. Ансамбльді құрудағы негізгі мақсат – ұлттық билерді дамыту және құндылықтарын насихаттау.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға