Жаңалықтар

Елордада этносаралық қатынастарды дамытудағы жастардың рөлі талқыланады

Елордада этносаралық қатынастарды дамытудағы жастардың рөлі талқыланады
18.09.2019 14:40 1782

19 қыркүйекте сағат 16:00-де елордалық Достық үйінде (Б. Момышұлы даңғылы, 24/9) Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының, елордалық ҚХА «Жастар қанаты», «Жас Отан» жастар қанаты өкілдерінің қатысуымен Жастар жылы аясында «Қазақстан Республикасындағы этносаралық қатынастарды дамытудағы жастардың рөлі» атты дөңгелек үстел өтеді.

Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, дөңгелек үстел спикерлері қатарында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Геннадий Шиповских, журналист Олжас Беркінбаев, телепродюсер Алпамыс Шаримов бар.

Дөңгелек үстелге «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы астаналық филиалының төрайымы Анастасия Тимощенко-Боровикова модераторлық етеді деп күтілуде.

Бөлісу:


Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға