Жаңалықтар

ҚХА этномәдени ұйымдары елорда тұрғындары мен қонақтарына Кавказдың өзіндік шығармашылығын ұсынады

ҚХА этномәдени ұйымдары елорда тұрғындары мен қонақтарына Кавказдың өзіндік шығармашылығын ұсынады
21.08.2019 17:21 2529

22 тамызда сағат 17:30-да бірыңғай «Этнос күні» аясында елордалық «Жетісу» саябағында (Сарайшық 12/1) Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен Кавказ мәдениетінің фестивалі өтеді.

Іс-шараны ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, шараның басты мақсаты – елордада тұратын түрлі этностардың өзіндік шығармашылығы арқылы Кавказдың мәдениетін, салт-дәстүрлерін және әдет-ғұрыптарын дәріптеу, қалалық этномәдени бірлестіктердің жетістіктерін көрсету.

Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындары мен қонақтарына елордалық этномәдени бірлестіктер «Хазар» әзірбайжан этномәдени бірлестігі, «Ван» армян мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі, «Вайнах» шешен-ингуш» этномәдени орталығы мен «Колхети» грузин қоғамдық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі концерттік ойын-сауық бағдарламасын әзірлеп отыр. «Ван» армян мәдени орталығы «Күйеу мен қалыңдықтың кездесуі» атты үйлену рәсімін, ал «Хазар» әзірбайжан этномәдени бірлестігі «Хна яхты» дәстүрін көрсетеді.

Кавказ аймағының ежелден тарихы тамыры тереңде жатыр. Оның бай мәдениеті мен өзіндік ерекшелігі бар. Кавказ халқының ерекше танымалдылыққа ие бояуы қанық ұлттық құндылықтары мен биі жұртшылыққа бесенеден танымал. Сондықтан бұл мереке аясында кавказ мәдениеті тағы бір мәрте жаңа қырынан танылмақ.   

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға