Жаңалықтар

Достық үйінде «Біздің Отанымыз – Мәңгілік Қазақстан!» жас суретшілер байқауы өтті

Достық үйінде «Біздің Отанымыз – Мәңгілік Қазақстан!» жас суретшілер байқауы өтті
14.12.2018 01:00 4564

Бүгін Астана қаласының Достық үйінде балалар мен жасөспірімдердің сурет көрмесі өтті.

«Біздің Отанымыз – Мәңгілік Қазақстан!» жас суретшілер арасында өткен байқауға отыздан астам жұмыс қабылданып, жюри мүшелерінің назарына ұсынылды.

Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне арналып өткізіліп отырған байқау жөнінде Астана қаласы әкімдігінің жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ Қоғамдық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Нұркен Әбдіғали: «Байқау жасөспірімдер арасында Отанды сүю, ұлттық рухты дамытуға, талантты балаларды қолдап, жас суретшілердің шығармашылық қабілеттерін арттыруға, бейнелеу өнеріндегі жаңа шығармашылық көркемдік идеяларды анықтауға бағытталып отыр», – деп түсінідіріп өтті.

Байқауға 6-дан 15 жасқа дейінгі оқушылар қатысып, көрмеге Астананың келбеті, қазақ елінің кең байтақ жері, орман, суы, тауы бейнеленген картиналар қойылды.

Тақырыптың мазмұнына сай келіп, қанық бояуларымен ерекшеленген Асқар Тұрашев (І орын), Наргиз Маратова (ІІ орын), Адель Жүнісова (ІІІ орын) диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Көрме-байқауға қатысқан балаларға арнайы сертификаттар тапсырылып, жетекшілеріне алғыс жарияланды.

Нұргүл ШАТЕКОВА

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға