Жаңалықтар

Дәлел Жүзбаев: Ауылшаруашылық өндірісінде Испанияның озық технологиясын пайдалансақ дейміз

Дәлел Жүзбаев: Ауылшаруашылық өндірісінде Испанияның озық технологиясын пайдалансақ дейміз
01.02.2019 01:56 1587

Self-made жастар форумындағы ашық алаңда жас кәсіпкерлер өздерінің табысқа жету жолындағы айла-тәсілдерімен бөлісіп, бизнестің қыр-сырын меңгеруге не қажет екенін айтып өткен болатын.

Сондай жастың бірі – «Мирас-2000» шаруа қожалығының жетекшісі Дәлел Жүзбаев. Ол бойындағы іскерлік қабілетінің арқасында кәсіп ашып, оны басқару жолында айтарлықтай жетістікке жеткен жас әрі дарынды басшы.

— Дәлел, сіздің жасыңыздағы жастың ауылдық жерде егін шаруашылығымен айналысып отырғандығы біраз замандастарыңызға үлгі боларлық. Бұған осы кәсіпте көптен бері жүргеніңіз айғақ бола алады. «Әкеден ұл тумай ма, әке жолын қумай ма» деген дана халқымыздың қанатты сөзі бар, әкеңіздің бастаған ісін жалғастырып жүр екенсіз, өзіңіз жайлы айта отырсаңыз.

— Негізгі туған жерім Зеренді. Балалық шағым Алматы облысында өтті. Қазір Қорғалжын ауданының Садырбай ауылында тұрамын.

2000 жылдары атам мен әкем ауылдан жер алып, шағын шаруа қожалығын құрған болатын. Екеуі тынымсыз еңбектеніп, алғашқы жылдары бір мың үш жүз гектар егін еккен еді. Ол кезде арнайы техника да болмай, жалға алып, адамдардың көмегімен шаруаларын жүргізді. Бұл жылдары несие алу жағы қазіргідей оңтайлы болмай, адамдар өз күштерімен кәсіптерін жүргізген кездер ғой. Әйткенмен де бастаған шаруалары өрге басып, жақсы өнім алды. Егер егін шықпай, шығынға кенелгенде, бизнес басталмаушы еді деп ойлаймын.

Сөйтіп әкем ақырындап ауылда үй салып, несиеге техника алып, шаруаны дамытты. Қазіргі уақытта он бес мың гектар жерге егін салатын дәрежеге жеттік. Атадан балаға мұра болып келе жатқан кәсібіміз осы.

— Өзіңіз мектеп тәмамдап, мамандық таңдар кезде қай саланы қалап едіңіз?

— Негізі IT (Information Technology) саласын таңдап, осы мамандықты меңгеруге құштар болдым. Мен мектеп бітіретін жылдары компьютерлердің енді дамып келе жатқан кездері еді, одан соң интернет пайда болды. Сол арқылы қызығушылық туды.

Бала арманым орындалып, аталған мамандықты меңгеріп шықтым. Қазақстанда және «Болашақ» бағдарламасымен білім алдым.

Сұхбаттың толық мәтінін МЫНА жерден оқи аласыздар...

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға