Жаңалықтар

«Чосон» бірлестігі саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

«Чосон» бірлестігі саяси қуғын-сүргін құрбандарын  еске алды
01.06.2018 01:49 1852

31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Маңғыстау облыстық «Чосон» Кәріс этномәдени бірлестігі аймақтық жағалау күзетінің басқармасы 20-01 әскери бөлімінде қуғын-сүргін құрбандары ұрпақтарымен кездесу өткізді.

 «Чосон» Кәріс этномәдени бірлестігінің төрайымы Раиса Маденова-Хван кездесуге қатысушыларға  қиын-қыстау заманда кәрістердің Қазақстан жеріне қалай қуғындалып келгенін, қазақ халқының көрсеткен көмегін баяндап, тарихтан сыр шертті.  ҚХА Маңғыстау облыстық Хатшылығының меңгерушісі Гүлжан Исмурзина Ассамблея тарихына тоқталып, саяси-қуғын сүргін туралы біраз мағлұмат берді.  Іс-шара аясында көрермендер саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы деректі фильмді тамашалады. Саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары Ким Экман Авенирович, Лагай Анна Григорьевна, Ким Анисья Максимовна, Квон Надежда, Хван Юрий Николаевич және т.б. үлкен кәріс кісілері өз басынан кешкендерін әңгімелеп берді.  ҚР ҰҚК ШҚ жағалау күзеті өңірлік басқармасының бастығының орынбасары Талғат Төребаев  егде корейліктерді алғыс хатпен марапаттады. Қонақтарға арналып ән мен биден шашу шашылды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға