Жаңалықтар

Белсенділік өмірді ұзартады!

Белсенділік өмірді ұзартады!
14.11.2019 12:29 2311

Психологтар зейнет жасын нағыз өмірдің басталатын шағы дейді. Жаңа білім алып, сүйікті ісіңмен айналысу арқылы тағы бір белестерді бағындыруға болады екен. Сенбейсіз бе?

Ал ендеше, оған Өскемен қаласындағы «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы» жанындағы «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» дәлел бола алады.

Орталық мүшелері егде жаста болса да, қоғам өміріне белсене қатысады. Бойлары күш-қуатқа толы, ал ішкі жан дүниелері әрдайым жас. Орталықта спортпен шұғылдануға, интеллектуалды ойындар ойнауға, шығармашылықпен айналысуға, заманауи техниканы меңгеруге мүмкіндік бар. Әр қатысушы өзінің жанына жақын іспен айналысып, замандастарымен әңгіме-дүкен құрады. Бос уақыттарын қызықты, әрі тиімді ұйымдастырады. Сонымен қоса, мұнда мемлекеттік тілді үйрететін арнайы курс бар. Ниет білдіруші жандар үшін бұл таптырмас мүмкіндік. Олар қазақ тілін қызыға оқиды. Себебі, мемлекеттік тілді меңгерген жан үшін көптеген мүмкіндіктерге жол ашылары анық.

Бөлісу:

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады.

Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға