Жаңалықтар

Баянауылда VІІІ Халықаралық жастар этнофорумы өтті

По инициативе ассамблеи народа Казахстана Павлодарской области в Баянаульском районе состоялся VIII Международный молодежный форум приграничного сотрудничества  «БІРЛІК-ЕДИНСТВО.KZ».
Баянауылда VІІІ Халықаралық жастар этнофорумы өтті
27.08.2018 10:22 2627

 

Павлодар облысы Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен Баянауылда Шекаралас ынтымақтастықтың «БІРЛІК-ЕДИНСТВО.KZ» VІІІ Халықаралық жастар форумы өтті.

Іс-шараға Президент әкімшілігі жанындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Шанаи Нәзипа, еліміздің барлық өңірлері, шекаралас Томск, Новосібір, Түмен облыстары мен Алтай өлкесінен, Германиядан, сондай-ақ, ҚХА мүшелері мен «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының мүшелері, барлығы 120-ға жуық адам қатысты.

 Жиынның пленарлық отырысында сөз алған Павлодар облысы әкімінің орынбасары М.Бегентаев жастарды құттықтап, ауқымды іс-шараның шекаралық өңірлерде тұратын елдердің жастары арасындағы өзара түсіністікке зор ықпал ететінін атап өтіп, этнофорум тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін тұрақты алаңға айналғанына тоқталды.

Бірнеше күн бойы іс-шараға қатысушылар өз жобаларын ортаға салып, тәжірибе алмасты. Германияның Мюнхен қаласынан келген Лисснер Люсьен, Алтай өлкесі жастармен жұмыс бөлімінің басшысы О.Гофман, «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы төрағасының орынбасары Т.Жұмырбаев және «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Ж.Байсеитова отырыс барысында өз ойларымен бөлісті.

Форумның жұмысы барысында жастар бірнеше тілдесу алаңдарында тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болды. Олардың қатарында: «Жаңғыру жол -  жастар жолы: жаңа жобаларды іске асыру және басқару», «Волонтерлық жұмыс мәдениаралық кеңістіктегі ұлттық идея негізінде», «Медиативті процесстер даусыз қоғамның кепілі».

Форум жұмысы барысында «БІРЛІК-ЕДИНСТВО.KZ» Халықаралық жастар форумының көшпелі кубогы «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы төрағасының орынбасары Тимур Жұмырбаевқа тапсырылды.

Форумды өткізудегі басты мақсат - жастардың мәдениаралық диалогын дамыту, қарым-қатынас пен әрекеттестіктің толерантты мәдениетін қалыптастыру, өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайту, жастардың әлеуметтік-саяси, экономикалық және мәдени өмірге бірігуін белсенді ету рөлін жан-жақты қарастыру.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға