Жаңалықтар

БАТЫС ҚАЗАҚСТАНДА МЕДИАЦИЯНЫҢ КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ ҚҰРАЛЫН ПАЙДАЛАНУ ТӘЖІРИБЕСІ ЗЕРТТЕЛУДЕ

БАТЫС ҚАЗАҚСТАНДА МЕДИАЦИЯНЫҢ КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ ҚҰРАЛЫН ПАЙДАЛАНУ ТӘЖІРИБЕСІ ЗЕРТТЕЛУДЕ
25.01.2019 09:43 1638

«Дауларды реттеудің баламалы рәсімі туралы» заңның күшіне енген сәттен бері  медиация қолданудың жаңа салаларын игере отырып, өмірімізге белсенді түрде еніп келеді. Заң медиация ұғымын, оның негізгі қағидаттарын тұжырымдап, төрелік сот пен жалпы юрисдикция соттарында дауларды қарау кезінде процессуалдық қағидалар мен оны қолдану мүмкіндіктерін айқындап берді.

Әрине, медиация ұғымы қазақстандық қоғамның санасына жаңа ғана сіңіп келеді, әйтсе де ішкі және сыртқы даулардан кәсіпорынның шығынын төмендету жүйесін жасауға әлі де ерте. Ең алдымен, кәсіпорынның ішкі саясатын өзгерту қажет болады, дауларды шешудің тұрақты тәжірибесінен немесе оларды жалпы шешпеуден бас тарту қажет болады. Бұл менеджменттен компанияның ішкі ортасына қатынас форматын өзгерту, әр даулы жағдайды талдау болып табылады.  

Бұдан басқа, компаниялар өздері медиация арқылы дауларды шешуге жағдай жасаулары тиіс, яғни, сотқа талап арыз берілмес бұрын медиаторға жолығу қажеттілігі туралы ескерту енгізуі, өз қызметкерлерін медиация дағдыларына және компания мүддесі негізінде келіссөздер жүргізуге үйретуі тиіс. Корпорациялар мен холдингтерге қатысты бөлімшелер арасында сот орындарына жүгінбей, дауларды шешу туралы қағида нақты белгіленуі тіис. Әрине, компанияның жергілікті актілерінің қатарына кәсіпорын ішіндегі дауларды шешудің қызметтері туралы регламенттер мен ережелер енгізілуі тиіс.

Осылайша, Батыс Қазақстан облысының кәсіпорындарында медиация институтын түсіндіріп тарату мақсатында 23 қаңтар күні №2 сот судьясы Альбина Абилкаримова және БҚО медиаторлар Одағының төрағасы Алуа Рахишева «Жайықжылуқуат» АҚ басшыларымен және қызметкерлерімен кезедесу өткізді. Кәсіпорын жұмысшылары медиацияның қолданылу салалары туралы және медиацияның соттың қарауынан айырмашылығы туралы көп нәрсе білді. Кездесуге қатысушылар арасында медиацияның және дауларды сотқа дейін шешудің артықшылықтары туралы ашық диалог өрбіді.

Сонымен қатар, аймақта медициналық мекемелерде туындайтын даулар саны өте жоғары. Бұл, денсаулық сақтау саласында адам өмірі мен денсаулығы сияқты құндылықтар қозғалатындығымен байланысты болып келеді.

Даулы жағдайлардың басым көпшілігі, әсіресе, емделушілердің өздеріне медициналық персоналдың дұрыс қарамауынан туындаған дауларды дәрігер немесе денсаулық сақтау ұйымының басшысы жеке сөйлесу деңгейінде шеше алады, әңгімелесу кезінде емделушіні тыныштандырып, туындаған жағдайдан шығар жол таба алады.

Алайда, ұйымның шеңберінен шығатын даулар да болады. Емделуші өзінің мүддесін қорғаймын деп тырысып, жоғары тұрған органға арыз жазады, сотқа немесе құқық қорғау органдарына жүгінеді. Осындай медициналық даулардың себебі, әдетте, дәрігерлік қателік, көрсетілген медициналық көмекке көңілі толмау болып табылады.

Ммұндай жағдайларда медиация дауды әкімшілік немесе сот әдісімен шешудің жақсы баламасы бола алады.

БҚО Қазақстан халқы ассамблеясы және облыстық денсаулық сақтау басқармасы арасында жасасқан меморандумды іске асыру мақсатында №1 емханада «БҚО денсаулық сақтау медиаторлары» атты семинар ұйымдастырылды. БҚО ҚХА медиаторы Алуа Рахишева және БҚО денсаулық сақтау басқармасының заңгері Салтанат Сатыбаева Орал қаласының барлық медициналық мекемелері басшыларының орынбасарларымен кездесу өткізді. Оның барысында медициналық қызметкерлер медиация рәсімдерінің кезеңдерімен танысты. Қаланың медициналық мекемелерінде даудың алдын алу және сотқа дейінгі реттеу үшін медиация кабинеттерін ашудың дайындық жұмыстарын пысықтады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға