Жаңалықтар

БҚО ҚХА «МЕЙІРІМДІ КӨКТЕМ» АКЦИЯСЫ ШЕҢБЕРІНДЕ НАУРЫЗДЫ ҚАЙЫРЫМДЫ ІСТЕРМЕН ҚАРСЫ АЛУҒА ШАҚЫРАДЫ

БҚО ҚХА «МЕЙІРІМДІ КӨКТЕМ» АКЦИЯСЫ ШЕҢБЕРІНДЕ НАУРЫЗДЫ ҚАЙЫРЫМДЫ ІСТЕРМЕН ҚАРСЫ АЛУҒА ШАҚЫРАДЫ
19.02.2019 03:27 1627

Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясының бастамасымен «Мейірімді көктем» акциясын жүзеге асыру аясында қайырымдылық бойынша Үйлестіру Кеңесінің отырысы өтті.

- Бұл акция, ең алдымен, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауға, ел азаматтарын адал ниетпен, ақысыз қайырлы, қайырымды істер жасауға жұмылдыруға бағытталған. Қара хан бастың қамын емес, қара орман халықтың қажетін ашатын амалдар қажет.- деді шарада сөз алған Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов.  

Жер жүзі бусанып, бар тіршілік бастау алатын жылдың да, жылылықтың да басталар кезі – көктемнің алғашқы айын «Мейірімді көктем» акциясымен қарсы алуымыздың маңызы зор.

«Біз, Қазақстан халқы Ассамблеясы, ірі кәсіпорындардың, шағын және орта бизнестің, этномәдени бірлестіктердің, азаматтық қоғамның, жастар қауымдастығының басшыларын және қиын жағдайда қалған жандарға көмек қолын созғысы келетін азаматтардың барлығын осы бастаманы қолдауға, «Мейірімді көктем» акциясына белсенді түрде қатысуға шақырамыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға